Дәрігерден кеңес: менингококк инфекциясынан қалай қорғану керек

5 Маусым 2018, 09:57 9147

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!

Кеше Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ресми түрде менингококк инфекциясының алдын алу және оның алғашқы белгілері жөнінде ашық айтып, көпшілікке жадынамалар таратты.

Денсаулық сақтау саласы мамандарының пікірінше, менингококк инфекциясы – ауруды белгісіз жағдайда тасымалдайтын жұқпалы ауру. Назофарингит – мұрын мен жұтқаншақтың қабынуы дегенді білдірсе, менингит – ми  қабықтарының қабынуы, ал менингококк сепсисі – қанның зарарлануы сынды түрлі клиникалық белгілері бар бактерияларды қоздыратын ауру.

Инфекцияның берілуі:

Ауа-тамшылары арқылы жұғуы мүмкін (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде).

Белгілері:

Бастың қатты ауруы;

Шөлдеу;

Құсу;

Дене қызуының көтерілуі;

Қалтырау;

Бозару;

Тәбеттің төмендеуі;

Бөртпе;

Әлсіздік;

Арқа және аяқ-қолдардың ауруы.

Инфекциядан сақтану үшін қандай ережені ескеру керек:

Аурудың алғашқы белгілері (тамақтың қызаруы, дене қызуының көтерілуі, бастың қатты ауруы, әлсіздік) пайда болған кезде дәрігерге көріну және басқа нұсқауларын орындау;

Түрлі мәдени-бұқаралық шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне баруды, ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке тазалықты сақтау;

Ғимараттарды жиі желдетіп, күн сайын ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу;

Созылмалы инфекция ошақтары ЛОР ағзаларын тазалау;

Тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды ішу;

Тоңудан, ашығудан, ұйқының қанбауынан, күйзелістен аулақ болу.

Адамдар көп шоғырланған жерлерде, қоғамдық орындарда медициналық маска кию. 

 

Бақытгүл Абайқызы
Бөлісу: