Дәрігер тіске зиян келтіретін сусындар мен тағамдарды атады

2 Тамыз 2023, 11:28 1607

Тіс емдету қалтаңызға біраз салмақ салатыны анық. Сондықтан мүмкіндігінше оны сау сақтауға тырысу керек. Ол үшін бірқатар сусын мен тағамнан бас тартқан жөн, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ресейлік тіс дәрігері Таисия Рындинаның сөзіне қарағанда, ең зиянды сусындар қатарына газдалған, қант қосылған сусын, қышқылдығы жоғары сусындар - энергетикалық сусын мен шырынды жатқызды.

Тіс дәрігерінің айтуынша, мұндай сусындарды ішу тістердің бетінің бұзылуына, олардың тозуына және тіс жегісіне әкелуі мүмкін. Мұндай проблема тістердің биохимиялық құрылымының ерекшелігіне байланысты туындайды деп түсіндірді дәрігер.

Тағамға келетін болсақ, тым қатты және өте жұмсақ тағам да тістерге зиянын тигізеді. Біріншісі тістің қатты тіндеріне кері әсер етсе, көмірсуларға бай жұмсақ тағамдар бактериялар үшін қолайлы орта жасайды.

Дәрігер басымдықты қаттылығы орташа тағамға беруді ұсынды. Атап айтқанда, мен жаңа піскен жемістер мен көкөністерді жиі пайдалану керектігін айтты.

Көкөністердегі көмірсулардың аздығына байланысты олар кариогендік бактериялардың көбеюіне кедергі болады әрі олардың орташа қаттылығы тіс өңезін тазартып отырады, - деді тіс дәрігері.

Сусындардан газдалмаған суды ішкен дұрыс. Ал су құрамында фторы аз өңірлерде арнайы фтор қосылған су ішу ұсынылады. Алайда бұл маманмен кеңесіп барып қана жасалатын қадам.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: