Педиатрия және балалар хирургиясы ҒЗИ реаниматологы ұшақ бортында қыздың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шымкенттен Астана қаласына ұшып бара жатқан Fly Arystan әуекомпаниясының рейсінде төтенше жағдай орын алып, 20 жастағы студент есінен танып қалды. Дабылға бортсеріктер бірден жауап берді, олар борттағы дәрігерлерді көмекке шақырды.
Көмекке жоғары білікті маман реаниматолог, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ жаңа туған нәрестелердің анестезиологиясы, реанимациясы және қарқынды терапиясы бөлімшесінің меңгерушісі, нейрохирург және кардиолог Нұрсұлтан Әуелбекұлы Құрбанбеков жауап берді.
Пациентті қарап-тексеру кезінде ол әлсіз импульсті және нөлдік деңгейдегі қан қысымын анықтады, бұл ауыр жағдайды көрсетті. Дәрігерлердің жедел және үйлестірілген іс-қимылдарының арқасында қыздың жағдайы бірнеше минуттан кейін айтарлықтай жақсарды.
Анамнезде қандағы гемоглобин деңгейі небәрі 61 екендігі анықталды және қыздың айтуынша, ол емделмеген, бұл есін жоғалтудың себептерінің бірі болуы мүмкін.