Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бюджеттен 474 млрд теңге бөлінді

12 Қараша, 12:22 445

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, биыл амбулаториялық және стационарлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 474 млрд теңге, ал жергілікті бюджеттен 26,7 млрд теңге қаражат жұмсалды.

Амбулаториялық деңгейде 251 млрд теңгеге 3,5 млн пациент 120 нозология бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Ауыл тұрғындары дәрілік заттарды емін-еркін алуы үшін медициналық ұйымдар базасында 172 дәріхана және 694 жеке дәріхана, сондай-ақ 15 жылжымалы дәріхана пункттері ұйымдастырылды. Пациенттердің стационарлық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен қамтамасы, - деді министр. 

Оның айтуынша, осы жылы орталықтандырылған сатып алу көлемі 241 млрд теңгені құрады.

Алайда стационарлық деңгейде дәрілік заттарды және медициналық құралдарды өздігінен сатып алу процестері қағаз жүзінде жүргізілетіндіктен, олардың шығындарына талдау жүргізу мүмкін емес, - деді министр.

Сондықтан денсаулық сақтау саласын цифрландыру аясында 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық ұйымдардың дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарды сатып алуы Қаржы министрлігінің Электрондық қаржыландыру орталығының веб-порталында жүзеге асырылады

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: