Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасовамен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Кездесу аясында мерзімді басылымдарды тарату, Мемлекет басшысының «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасымен кездесуінде берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері сөз болды.
Сондай-ақ тараптар ақпарат саласындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту, «Қазпошта» АҚ-ның газет-журнал жеткізу бойынша қызмет көрсету сапасын жақсарту, оның ішінде пошта байланысы операторының қызметтерін автоматтандыру жөніндегі жоспарларды талқылады.