Дархан Қыдырәлі: Қазақ тілі еліміздегі түрлі этнос өкілдері арасында трендке айналды

21 Тамыз 2023, 21:39 1084

Qazaqstan телеарнасының «Өзекті» бағдарламасына берген сұхбатында ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі осылай деді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзіне қарағанда, еліміздегі ақпарат саласы аудиториясының 85 проценті қазақ тіліндегі өнімді тұтынады. Сонымен қатар интернетте де мемлекеттік тілдегі контентке сұраныс артқан.

Биыл мектеп табалдырығын аттайтын балалардың 70 пайызы қазақ сыныбына баруды таңдаған. Тек білім саласында емес, кез келген салада қазақ тіліне сұраныстың күрт өскенін көріп отырмыз. Жалпы, қазақ тілі қазір еліміздегі түрлі этнос өкілдері арасында трендке айналды. Бүгінде орташа есеппен ақпарат саласы аудиториясының 85 пайызы мемлекеттік тілдегі өнімді тұтынып отыр. Ал 14-35 жас арасындағы жастар интернет кеңістікте 70 пайыздан астам контентті қазақ тілінде іздеген, - дейді сала басшысы.

Перизат Саденова
Бөлісу: