Дархан Қыдырәлі «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ұжымымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетіне барып, ұжыммен кездесті.
Министр әуелі университеттің 4000 орынға арналған жаңа ғимаратының құрылысымен танысты.
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті – зайырлы мемлекет талаптарына жауап беретін, дін саласында білікті кадрларды даярлайтын жоғары оқу орны. Бүгінде түлектердің басым бөлігі университеттерде, медресе-колледждерде ұстаз болып, мешіттерде наиб имам ретінде, өңірлік Дін істері басқармаларының Дін мәселелерін зерттеу орталықтарында инспектор және теолог болып қызмет етіп жүр.
Кездесуде діни кадрларды даярлауға қатысты біршама мәселе талқыланды.
Сонымен бірге министр университет кітапханасына «Көне түркі тіліне аударылған алғашқы құран» кітабын табыстады. Аталған кітап Х ғасырда тәржімаланған.
Іс-шараға ҚМБД Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы, университет ректоры Мұхаммад Әш-Шаххат Әл-Жинди және ұстаздар қатысты.