Дархан Қыдырәлі БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісімен кездесті

9 Қараша 2022, 11:37 1099

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге келісті

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Сторимен кездесті, деп хабарлайды El.kz.

Кездесу барысында Д.Қыдырәлі министрліктің жетекшілік ететін салалары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар - азаматтық қоғам, ақпарат, дінаралық диалог, инклюзивті қоғам, жастар және отбасы құндылықтарын насихаттау туралы айтты.

Өз кезегінде, Микаэла Фриберг-Стори Қазақстандағы реформаларға оң баға беріп, медиа заңнама жобасына қатысты бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге келісті.

EL.KZ
Бөлісу: