Дархан Қыдырәлі Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Агалар Атамоглановпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Кездесуде Дархан Қыдырәлі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жетекшілік ететін салаларға қысқаша тоқталып өтті.
Кездесу барысында тараптар медиа, жастар салалары бойынша ортақ жобалар жасау мәселелерін талқылады.