Данияр Шаяхметов тректегі велоспорттан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

23 Тамыз, 05:28 300

Қазақстандық велоспортшы Данияр Шаяхметов тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Велошабандоз кейрин бағдарламасында сынға түсті. Ол жеңімпаздан  +0.026 секундқа ғана қалып қойған. 

Осылайша, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 

Айта кетелік, тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі Қытайда өтіп жатыр.

Турнир 21-25 тамыз аралығына жоспарланған.

Зарина Арман
Бөлісу: