Данияр Шамшаев жеңілісінің себебін түсіндірді

29 Шілде, 17:22 708

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Данияр Шамшаев жеңіліске не себеп болғанын айтты. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мен Олимпиада ойындарына толық дайындықсыз келдім. Оқу-жаттығу жиындарым аз болып қалды. Олимпиада алдында бір айдай асқазаным ауырып, көп уақытымды емделуге жіберіп алдым. Алда әлі талай додалар бар ғой, бұл Олимпиадада жолым болмады. Бір сәтсіздік бір сабақ дегендей, болашақта еліміздің намысын абыроймен қорғаймын деп ойлаймын, - деді Шамшаев.

Данияр Олимпиаданың алғашқы айналымында өзбек балуанына есе жіберді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: