Данияр Елеусінов WBC президентімен кездесті

11 Маусым 2023, 01:37 562

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов WBC президенті Маурисио Сулейманмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жетекші ұйымдардың бірінің басшысымен түскен суретті Елеусінов инстаграм парақшасындағы сторисіне салды.

Естеріңізде болса, Данияр жақында ғана бұрынғы менеджері Зия Алиевпен серіктестікті тоқтатып, оның үстінен сотқа арызданды.

Қазір Елеусінов Флоридада Жәнібек Әлімханұлының бапкері Джеймс «Бадди» Макгирттің қарамағында жаттығу жасап жүр.

Берік Арманов
Бөлісу: