Даниал Ахметовтің өкілеттігі аяқталатын күн жақындады

2 Маусым 2023, 10:10 6068

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкілеттігі аяқталуға жақын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Былтыр 11 маусымда мемлекет басшысы бір жылға ұзартқан еді. Оны сол кезде президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім еткен. 

Еске салсақ, Даниал Ахметов 15 маусымда 69 жасқа толады. Әр жылдары ол премьер-министр, қорғаныс министрі, Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқасының мүшесі болды.

1992 жылдан 1993 жылға дейін Екібастұз қалалық әкімшілігін басқарды. Кейін Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімі қызметіне тағайындалды. 

Алмас Абылай
Бөлісу: