Дағыстанда жанармай бекетіндегі жарылыстан 13 адам қаза тапты

29 Қыркүйек, 07:35 1155

Махачкала маңындағы жанармай құю бекетіндегі жарылыс салдарынан кем дегенде 13 адам қаза тапты. Бұл туралы РФ ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап.

Оқиға жұма күні кешке Дағыстан астанасының маңында орналасқан жаңа Хушет ауылында болды. ТЖМ жарылыс кезінде адамдар тұрған техстанция мен асхананың ғимараттары зақымданғанын хабарлады. 20-дан астам адам жарақат алды. Оқиғаның себептері анықталып жатып.

Ресей Тергеу комитетінің Дағыстан бойынша тергеу басқармасы жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 238-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін қызметтер көрсету)», - делінген ведомство хабарламасында.

Республика билігі 28 қыркүйекті қаза тапқандарды еске алу үшін аза тұту күні деп жариялады.

Зарина Арман
Бөлісу: