Дағыстанда белгісіз адамдар тобы православ шіркеуі мен синагогада атыс шығарды

24 Маусым, 01:27 936

Дағыстанда Дербент пен Махачкалада белгісіз адамдар екі православие шіркеуіне, синагога мен жол полициясы бекетіне шабуыл жасады. Екі содырдың көзі жойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Дербент пен Махачкалада екі православие шіркеуі, синагога мен жол полициясы бекетіне шабуыл жасалды, - деп жазды терроризмге қарсы ұлттық комитет.

Дербенттегі діни қызметкер мен Махачкалада шіркеу күзетшісі қаза тапты, - деп мәлімдеді Дағыстанның Қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Шамиль Хадулаев.

Махачкалада белгісіз біреулер Ермошкин көшесіндегі жол полициясы бекетіне оқ жаудырған.

Алдын ала мәлімет бойынша, алты полиция қызметкері қаза тауып, 12-сі жараланды, - деп жазды Дағыстан ішкі істер министрлігінен.

Махачкалада қақтығыс жалғасуда, полицияның патрульдік көлігі өртенді. Дербенттің орталық бөлігі электр жарығынсыз қалды, қалада қақтығыстар болып жатыр Күдіктілер мініп қашып кеткен көлік іздестірілуде. 

Дағыстанның Дербент қаласындағы синагогада белгісіз біреулердің шабуылынан кейін өрт шықты, деп хабарлады қала әкімдігі. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті сөндіріп, оқшаулады. Дағыстанда «Ұстау» жоспары жарияланды. Шабуыл жасаушылардың жеке басы анықталып жатыр.

Екі содыр жойылды, қауіпсіздік күштерінің жұмысы жалғасуда, - деп жазылған Дағыстан ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде.

Полиция қызметкерлеріне жасалған шабуылдан кейін жедел штаб құрылды, - деп хабарлады аймақ басшысы Сергей Меликов.

Ол Дербент пен Махачкаладағы шабуылдарды әлеуметтік жағдайды тұрақсыздандыру әрекеті деп атап, азаматтарды сабырға шақырды.

Дағыстанның барлық аумағында терроризмге қарсы операция режимі енгізілді.

 

Перизат Саденова
Бөлісу: