Дәстүрлі масс-медианың электронды форматқа ауысуы

4 Қараша 2020, 12:09 5441

Онлайн БАҚ: Бүгіні және болашағы

Жыл сайын әлем бойынша онлайн медиа-басылымдар мен газет, журналдардың электрондық үлгілерінің саны өсуде. Телевизиялық компаниялар мен радиостанциялар, желілік ақпараттық және жарнамалық агенттіктер де интернетті өз дәрежесінде қолданып келе жатыр. БҰҰ Бас хатшысы болған Кофи Аннан атап өткендей, қазіргі таңда дамыған елдер халқының көп бөлігі дәл осы ақпараттық қызметтер мен ақпараттық технологияларды ұсыну саласында жұмыс істейді. Әлеуметтік жүйелердің дамуына байланысты қолданушылар аудиториясының пікірін қалыптастыру, олардың ойымен санасу қалыптасып келеді.  

Онлайн БАҚ: Бүгіні және болашағы

Ақпараттық және компьютерлік технологиялардың дамуы коммуникациялық процестердің деңгейі мен сипатын, қазіргі адамның ойлау қабілетін түбегейлі өзгертті десек қателеспегеніміз болар. Мысалы, шамамен 20 жыл бұрын Эстония мемлекеті цифрлық трансформацияны қолға алған болатын. Ал қазір бұл елдің мемлекеттік мекемелерінің 99%-ы онлайн жүйеде барлық адамдар үшін қолжетімді. Тіпті, медициналық карталар ғаламторға жүктеліп, пациент тек желіні қолданып-ақ дәрігерден рецепт алып, диагнозын біле алады. Осының арқасында эстондықтар әр жыл сайын 5 күнін үнемдеп, дәрігерге қаралу үшін артық кезекке тұрмайды. Ал бұқаралық ақпарат құралдары жүйесінде миллиондаған адамдар үшін маңызды ақпарат көзі әрі тез жаңалық тарататын интернет ресурстағы онлайн журналистика жылдам дамып келе жатқаны сөзсіз.

Материалдар тек басылым беттеріне ғана емес, газет пен  журналдардың электрондық нұсқалары үшін де әзірленеді. Бірақ ол үшін ақпараттық агенттіктің журналисті жаңалықты жазудан бөлек, біріншіден, веб- кореспонденттің, веб-редактордың, веб-сарапшының және қосымша веб-дизайнердің қызметтерін жете түсініп, ерекшеліктерін аңғарып, кәсіби машықтануы тиіс. Соңғы уақытта қоғамда блогерлік қызмет аса танымалдылыққа ие болып отыр. Сондықтан, интернет журналистиканың жаңа бағыты- журналист- блогерлік пайда болды.


Желілік журналистиканың дамуында net- ойлау жүйесі аса маңызды рөл атқарды. Мұндай ойлау қабілетінің әсерінен жаңа ақпараттық қоғам пайда болды. Әлеуметтік жүйелердің дамуына байланысты қолданушылар аудиториясының пікірін қалыптастыру, олардың ойымен санасу әдетке айналды. Бұл индивидтің ғаламтор шырмауында тек уикипедиямен шектеліп қана қоймай, әр секунд сайын жаңарып отыратын ақпарат ағыны мен интеллектуалды дамуға мүмкіндік беретін виртуалды кеңістікте тамырын жайып, заман ағымын өзгерткен құрал.

XXI ғасыр Интернет желісінің тараған дәуірі болды. Әлемдік ғаламтор жүйесі бойынша World Wide Web, WWW сияқты бәріне мәлім деректер көзі сақталатын желі жұмыс істейді. Әлем бойынша соңғы санақ нәтижелері бойынша 7  716  223  209 адам өмір сүреді, оның 4  383  810  342- сі ғаламтор қолданушылар, яғни жер бетіндегі адамзаттың 56.8 %- ы күнделікті интернет пайдаланушылары.

Ғаламдық аренадағы ең құнды объект, алып-сату айналымының өтімді тауары ретінде «Ақпарат» ерекше орын алатыны хақ. Адам өмірінің түрлі салаларында тиімді жұмыс істеу үшін маңызды әрі қажетті ғылыми - техникалық, саяси, мәдени және қаржы - экономикалық бағыттар сияқты кез-келген арнадағы мәліметтер мен және басқа да әртүрлі салалар бойынша ақпараттың көлемі өсуде, соның салдарынан ақпараттық пен деректерді беру технологияларын кеңінен пайдалану аса маңызды қажеттілік болып отыр. Ал бұған жаһандық компьютерлік желілер көмектесуі керек, оның ішінде нөмірі бір саналатын интернет желісі. 1969 жылдың желтоқсан айында сәйкесінше адам өмірін жеңілдетіп, орасан мол көлемдегі ақпараттарды сақтай алатын және оны шұғыл түрде көрсететін қызметке ие интернет жүйесінің құрылғаны осының айғағы.

Электрондық БАҚ (Интернет, телевизия, радио) «техникалық функцияландыру» принципі бойынша жұмыс істейді: бастапқы сигналды құру,  коммутация  (уақытша  сигналды   сақтау)   және   сигналды   қабылдау. Сигналды қабылдаудан бөлек көрермен, тыңдарман немесе қолданушы құралдармен қолдану үшін қарапайым тәжірибесі болуы қажет.

Интернеттің басты ерекшелік нысаны, негізгі қызметі — барынша қарапайым жолдарды қолдана отырып әлеуметті жаңалықтардан хабардар ету. Ол электронды тарату, әлеуметтік желілердегі хабарламалар, хаттар мен чат. Адамдар санының шектелмей кез-келген форматта енгізілуі мүмкін: мәтіндік, мультимедиялық және тағы басқа. Келесі тағы бір өзіндік еректік- прайм таймның болуы. Бұл уақытта енгізілген мақала өз аудиториясын тауып, актуалдылығын ұстап тұра алады. Ол журналист пен ақпараттық агенттіктің жоғарғы сатыға көтеріліп, көп қаралым мен оқырман жинауына айтарлықтай септігін тигізеді.

Егер роликтің ұзақтығы 10 секундтан аз болса (44%), ол тез жүктелсе (39%), ролик негізгі бейне алдында ойнатылып, оны үзбейді (29%), дыбыс автоматты түрде өшіріледі (17%), бұл жоғары ажыратымдылықты бейне (12%), бейне автоматты түрде басталады (11%). Сарапшылар, тіпті адамдарда бейнені жіберіп алу мүмкіндігі бар болса да, оны соңына дейін қарап шығуды қалайды. Интернеттегі ақпараттың барлығы да күрделі тексеруден өтпейтіндіктен, мәліметтердің дұрыс не бұрыстығын анықтау маңызды. Жаңа медиа ақпарат ағыны арқасында іс жүзінде сарқылмайды.

Ричард Самбрук (Richard Sambrook), Кардиф университетінің журналистика профессоры, бұрынғы BBC News директоры, Рейтерс институты өзінің кезекті бір баяндамасында ақпараттық ғасырдың контекстіндегі объективтілік пен әділдік ұғымдарын зерттейді.

Автор баяндамасын жазуға сенім дағдарысы мәселесі бойынша АҚШ пен Еуропада қызу пікірталастар тудырды (қазақстандық БАҚ-қа деген сенім дағдарысы туралы жаңа Репортер осында айтқан). Самбруктың тезистерінің бірі халық арасында "медиаграмоттықты" дамыту керек. Адамдар "тұтынады" деп түсінуі керек. Өз баяндамасының басында Самбрук Пегги Нунан, Wall Street Journal мынаны айтады: «Бүгінгі жағдайды былай сипаттауға болады: адамдар ештеңе сенбейді. Олар бәрін ойлайды. Үкімет "a" – рас, жер халқының жартысы бұл өтірік екенін біледі. Егер адамдар ештеңе сенбесе, олар кез келген нәрсеге сенуге бейім».

Ғаламтор бұқаралық ақпарат құралдары ретінде радио және телевизия, газет және журналдарға қарағанда біршама жедел ақпарат таратады. Бұл оқиғаның актуалдылығын жоғалтпай, оқырманды жылдам ақпараттандыруға көмектеседі әрі кез-келген жерде, кез-келген уақытта өзіңе қажет мәліметті қарап оқи аласың, ал бұл оқырман үшін қолайлы жағдай жасалғанын көрсетеді.

Медиа нысан мәтін, аудио, видео, инфографика, сурет және т.б. ақпаратты қамтитын қосымша функцияларды енгізеді. Медиа өнімдердің форматтары, жанр мен платформасы күнделікті дамып отырады. Бұл нысандар бір арнаға тоғысады, оны - медиа арна деп атайды. Біз медиа әлеміндегі Кембриялық жарылыс кезеңінде өмір сүріп келе жатырмыз. Яғни, бір ақпаратты әртүрлі формада, сипатта бере алуға мүмкіндіктеріміз жетерлік. Бұл медиа ағында жиі кезедсетін өзіндік  терминдер  бар,  олар:  Мультимедиа; Кроссмедиа; Трансмедиа.

Мультимедиа журналистиканы қайта жасақтауға әкелді

Мультимедиа – Macintosh компьютерлері пайда болғанға дейін дүниеге келген ескі термин. Ол — әртүрлі типтегі  ақпараттарды шағын форматта, фотоиллюстрацияны, анимацияны, дыбысты, инфографиканы өңдеу арқылы медиаға келген. Интернет алғаш пайда болғаннан бастап мультимедиа журналистер арасында кеңінен таралды және жиі қолданысқа ие болды. Яғни, басылым беттерінде оқиғаны тек қана мақала және сурет арқылы жеткізбей, сондай- ақ толыққанды өнім болу үшін инфографика мен кестелер енгізіле бастады. Біршама уақыт өте келе, дыбыс пен видео, бейнелер тізімді толықтырды. Ғалымдар «мультимедия екі немесе бірнеше коммуникациялық құралдармен, компьютерлермен бірге жұмыс істейтін арна» деген тұжырымдамаға келген.

Мультимедиа журналистиканы қайта жасақтауға әкелді. Осылайша журналистикада аралас жанрлар немесе былай айтқанда «гибридті жанрлар» пайда болды. Телевизиялық журналистика — визуалды түрде, радиожурналистика –  ақпаратты аудио түрінде таратады, ал газет толыққанды мәлімет бере алады. Ал интернет желісінде мүлде бөлек жағдай. Журналистік материал сан алуан болып қана қоймай, сонымен қатар барша жаңалықтарды, мағлұматтарды қамтиды. Ол дыбыс пен бейненің, сурет пен слайдтардың, гиперсілтемелі мәтіндер мен инфографиканың байланысқан түрі. Бұл мүлде басқа жаңаша өнім. Ол интерактивті комментарий, дауыс беру сияқты мүмкіндіктер бере алады.

Жаңа медиа. Дәстүрлі БАҚ-тан ерекшелігі – қолжетімді, интерактивті, оперативті. Интернет жаңа медианы орналастыру үшін ең қолайлы орта болып қалды.

Кинохроника мен теледидар жүз жыл бойы жаңалықтарды мәтін, дыбыс, статикалық бейнелер, бейнежазбалар мен анықтамалық графиктердің көмегімен таратып келді. Бірақ Америка Құрама Штаттары басылымдар жаңалық таратудың ерекше тәсілін тапқандай жаңашылдық ашпақ болды. Олар оған дейін де белгілі болған «ашылуға» өздерінше ат қойып, жаңа форматты енгізгендей кейіп танытты. Бүгінде "мультимедиа" термині сандық сторнингтің кез келген түрі үшін қолданылады.

Мультимедиа аясы шеңберінде бір оқиғаны жеткізу үшін бір арнада бірнеше формалар жинақталады. Мысалы, The New York Times басылымынының веб-жобасында «Snowfall: the Avalanche at Tunnel Creek» мақаласы мультимедиялық сторнингтің ең үздік мысалдарының бірі бола алады. Мәтін, фотосуреттер, бейнелер, карталар сияқты оқиғаны егжей- тегжейлі түсінуге мүмкіндік береді және мұның барлығы бір аранада веб- сайтта жинақталып, тоғысқан. Жобаның өзіндік кемшіл тұстарының бар екендігіне қарамастан, ол әлем үшін ерекше жаңашылдық әкелді. Тіпті, ол етістікке айналып кетті. «Тo make a snowfall» (қар көшкінін жасау) — Tomato Can Blues және Extra Virgin Suicide сынды жобарларында Times қолданатын сандық тарихты құру дегенді білдіреді. Сондай- ақ, Seattle Times Sea Changе жобасы да мультимедиялық жаңашылдықтың керемет үлгісі бола алады.

Кроссмедиа жарнамаларда жиі қолданылады

Кроссмедиа. Бұл термин оқиға желісін бірнеше медиаканалдар арқылы таратады. Жарнама бағытында жиі қолданылады. Кола бренді 1970 жылы теледидарда, радио мен журнал беттерінде жарыққа шыға бастады. Журналистикада мұндай тәсілдерді көп кездестіруге болады. The Associated Press, Reuters сияқты ақпарат агенттіктері және тағы басқалары өздерінің жаңалықтарын әлемдік газеттер мен радиолар,  журналдар  мен телеарналарға таратады. Әрбір осындай ақпараттарда бір деректік жинақ кездеседі. Оған мәтін, сурет немесе видео кіреді және тек бір оқиға шеңберінде мағлұмат беріледі. Кросс- медиялық редакция — екі жақты өзара келісімді жолмен ақпарат алмасатын редакция. Оған контентті құру, өңдеу мен тарату жатады. Мұндай редакциядағы әртүрлі тематикалық бөлімдердің жұмысшылары баспа үшін де, онлайн үлгісі үшін де контентті дамытып отырады. Бұл веб- сайтты бейне және дыбысты роликтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік бере алады.

Rocky Mountain PBS-дегі I-News сияқты бірнеше агенттіктерде бұл модельді өңірлік деңгейге сай етіп өзгертілді. Ол репортерлер саны көп емес және қаржы жағынан орта деңгейдегі БАҚ өкілдерінің журналистік зерттеулері барынша таралуы үшін үлкен көмек болмақ. Егер мультимедиада бірнеше медиаформалар қолданылса, онда кроссмедиада біршама медиаканалдар жүзеге аспақ. Егерде мультимедиада қандай да бір форма қолдану әртүрлі стильден немесе қабылдау тәсіліне байланысты болса, ал кроссмедиада әр арна белгілі бір аудиторияға жету үшін қолданылмақ.

Журналистикадағы басты мақсаты —  тақырыпты зерттеп, аша білу

Трансмедиа тек бір оқиғаны ғана емес, бүкіл әлемге өзгеріс әкеліп, соның шеңберінде айтулы орын алатын жаңалықтар жинағын қамтиды. Журналистикада — қоғамдық немесе репортердің тұрақты түрде беріп отыратын жаңалықтар ырғағы болатын жер бетіндегі маңызды тақырып. Әрбір оқиғаның өзіндік тақырыбы, айтатын жаңалығы бар. Ал сол сияқты барлық мақаланы қосатын болсан, мүлде жаңа дүние, көзқарас қалыптастыруы мүмкін. Ол біздің белгілі бір дүниеге деген түсінігімізді кеңейтуге көмек бере алады. Олар мақсатты аудитория үшін құнды ақпараттарды таратады. Бұл қажетті әлеуметтік топты қалыптастыру үшін зор мүмкіндік береді. Егер осы процесс өз нәтижесін берсе, мақсатты аудитория неғұрлым тиімді көпшілік аудиторияға өседі.

Трансмедиа- сторителлинг бірнеше оқиғаны бірқатар формада көптеген арнада таратады. Осыдан кейін оқырман қараған бір жаңалығынан жан-жақты құнды бірнеше мәлімет ала алады. Ол сәйкесінше біраз уақытты үнемдейтіні анық. Журналистикадағы басты мақсаты -  тақырыпты тереңінен зерттеп, аша білу. Және оқырманның саны артқан сайын мақаланың сапасы жақсарып, деңгейі өспек.

Журналистикада трансмедианың қалыптасуына серіктестік пен ынтымақтастық қажет. Әртүрлі формада көптеген оқиғаны байланыстыра отырып өнім шығару БАҚ өкілдерінің санаулысының ғана қолынан келеді. Бұл командалық жұмыс, және тарихы тереңде жатқан бірнеше жаңалық компаниялар бір немесе екі медиа арналарға қарағанда жақсы қадағалайды. Мақсатты аудиторияны нақты анықтау мақсатында басқа арналардың басшыларымен өзара тиімді шарт жасасу керек. Журналистикада мұндай серіктестік жаңалық емес. Мәселен, ондаған жылдар бойы басылымдар мен телевизиялық арналар бірқатар жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеп келеді.

Интернет БАҚ— журналистика принциптеріне сәйкес белгілі бір қызметтерді атқаруды міндет ететін бұқаралық ақпарат құралы ретінде тіркелген сайт. Ақпараттық сайттың басшылығы мемлекеттік коммуникациялар министрлігінің бекіткен нормаларына сәйкес жұмыс істеуі керек. Егер мемлекет тарапынан БАҚ өкілі ретінде толыққанды құқық берілсе, тіркелген басылымға мынандай мүмкіндіктер қарастырылады:

—   Ашық не жабық іс- шараларға аккредитациядан өтуге;

—   Құзырлы органдардан кез-келген әлеуметтік мәселелер бойынша сұрау жіберуге;

—   Мемлекет тарапынан қолдау білдіруіне өтініш білдіруге;

—   Ақпараттың дұрыстығын тексеруге мүмкіндік алуға;

—   Жаңалық таратуға.

Заң жүзінде тіркелмеген ақпараттық агенттіктер жоғарыда келтірілген құқықтарға ие бола алмайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай БАҚ өкілдеріне бағытталған цензураға жол берілмейді. 1999 жылы бекітілген «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңнамасында көрсетілгендей кез-келген басылым немесе журналист шынайы деректі анықтау мақсатында зерттеу жүргізуге, тиісті органдарға сұрау жіберіп, жауапты адамдардан сұхбат алуға, нәтижелерді тексеруден өткізіп, ақпаратты таратуға толыққанды құқылы.

Сабина Кәкімжан
Бөлісу: