Дәстүрлі астрономиялық атаулар

19 Қараша 2014, 07:53

Қазақтың дәстүрлі астрономиялық атаулары. Деректер Ақселеу Сейдімбектің "Қазақ әлемі" кітабынан алынды.

Қазақтың дәстүрі астрономиялық атаулары. Деректер Ақселеу Сейдімбектің "Қазақ әлемі" кітабынан алынды.

Ағылсын (Ақбозаттың қарсысындағы жұлдыз) – Вега).

Ай – Луна.

Айдасын (Босаға жұлдызының біреуі, Көкбозат жұлдызының қарсысында) – Капелла.

Ақбозат, Көкбозат, Арқан (бұл жұлдыздарды қосып Мыртық немесе Түрен деп те атайды) – Малая Медведица.

Ақбозат (Ақбозат, Көкбозат, Арқан жұлдыздарының маңдайындағы қос жұлдыздың сол жағындағысы) – Малая Медведица.

Аққу шоқжұлдызы.

Аңырақай (Қызылжұлдыз) – Марс.

Арқан (Ақбозат, Көкбозат жұлдыздарының жалғасы) – Малая Медведица.

Аспан – Небо.

Әлем – Вселенная.

Әуе – Небо.

Босаға – Капелла.

Болпан (Кіші Шолпан) – Меркурий.

Ғарыш – Космос.

Егіздер (Босаға жұлдыздарының сол жақтағы екеуі) – Полукс, Кастор.

Есекқырған (Сарыжұлдыз, Жарықжұлдыз, Керуен жұлдызы, Мардұқ, Олпан) – Юпитер.

Жетекші (Босаға жұлдыздарының оң жақтағы екеуі).

Жетіқарақшы (Шөміш) – Большая Медведица.

Зартас – метеор.

Көк – небо.

Көкбозат (Ақбозат, Көкбозат, Арқан жұлдыздарының маңдайындағы қос жұлдыздың оң жақтағысы) – Малая Медведица.

Көкшақпақ – Ригель.

Күзетші.

Құс жолы (Сабан жолы) – Млечный путь.

Құйрықты жұлдыз – Комета.

Қыдырма жұлдыз – Блуждающая планета.

Қарақұрт – Кассиопея.

Қамбар – Лев.

Қоян.

Қырыққарақшы (Босаға мен Жетіқарақшының арасындағы ұсақ жұлдыздар).

Қоңырқай жұлдыз – Сатурн.

Лақсүмбіле (Кішісүмбіле) – Процион.

Мүшел – Цикл.

Мылтық.

Мизам – Весы шоқ жұлдызының щоғырындағы төменгі қос жұлдыздың оң жағындағысы. Гаммамен белгіленген.

Оқ – Бестельгейзе.

Өлара – Междулиние.

Расытхана – обсерватория.

Сүмбіле (Текесүмбіле, Үлкен Сүмбіле) – Сириус.

Сұлусары – Альдебаран.

Сиыршы – Арктур.

Сыңармүйіз.

Таразы (Мойынтұрық, Үшарқар, Шідер) – Орион.

Талихнама – гороскоп.

Темірқазық – Полярная Звезда.

Тоғысу – покрытие.

Түтін.

Үркер – Плеяда.

Үлкен арлан.

Шолпан (Жарықжұлдыз, Өмірзая, Нарық жұлдызы, Тұлқатын, Зухра) – Венера.

Шайтантаразы (Кішітаразы).

Аспан денелеріне қатысты мақал-мәтелдер:

Құс қайтса Босаға Үркерден соң туады.

 

Қамбар Аймен тоғысарда «бақырады».

 

Қамбарды маңдайыңа салма, артыңа сал.

 

Қараөзек шақтың көжесі,

Қарында емес, қуықта.

Қара торсық жерде емес,

Ілулі тұрар уықта.

 

Қараөзек шақта,

Қыс ұзарып шелді жейді,

Күн ұзарып түнді жейді.

 

Кешкі күн құлақтанса,

Қатының ұл тапқандай сүйін.

Ертеңгі Күн құлақтанса,

Еліңді жау шапқандай күйін.

 

Көктің айы:

Түске дейін мүйіз,

Түстен кейін киіз.

 

Үркер үйден көрінсе,

Үш ай тоқсан қысың бар.

Үркер іңірде жамбасқа келсе,

Жаз шықпағанда несі бар.

Бөлісу: