Дүние тарихының өте маңызды бөлігі

15 Қазан 2014, 12:25

Ұлы Даланың дүние тарихындағы орны ерекше маңызды. Нағыз ғалымдар дұрыс айтады.

Ұлы Даланың дүние тарихындағы орны ерекше маңызды. Нағыз ғалымдар дұрыс айтады. Сіз Ұлы жібек Жолының шығысында жатқан, біз сөз қозғағалы отырған Ұлы Даланың шығыс жағымен (Хəн жылнамаларынша айтқанда Батыс Өңірмен) ертеден-ақ араласа бастаған елдің ғалымдарынақұлақ түріңізші. Олар былай дейді:

А. Шынында да, “Дүние тарихы бүкіл дүниенің тарихы болуға тиісті. Көшпелі əлем шамамен б. з. б.  1000 жылдан соң, болмағанда ішінара тұстарда, алғашқы қауымдық сатыдан өтіп, алғашқы таптық жіктелуге кіріп, мемлекеттік бейнеге ене бастады. Түпкілікті принциптік мəселелерден сырт, бүкіл қартқұрлықтың барша маңызды бөліктерін бір тұлғаға байланыстырып тұрған бір реал медия бар. Ол - көшпелі тайпалар, өте-мөте б. з. б. 1000 жылдықтан бері ерекше жандана бастаған көшпелі тайпалар. Əдетте, отырықты (аграрлық) мемлекет тұрғындары ұзап шықпайды, олардың өзара шайқастары да дүниенің сол бір бұрышымен ғана шектеледі. Тек көшпелі тайпалар ғана батыс пеншығыс арасын емін-еркін шарлай алады. Олардың бір тайпасының өзі де қысқа мерзім ішінде Қытаймен де, Еуропамен де тіке байланысқа өте алады. Батыспен шығыстың қатынас желісі де көбінесе осы көшпелілер дүниесінен өткен. Сондықтан, егер бүкіл дүниеге осы көшпелі əлемді негіз ете отырып назартастасақ, отырықтылар алаңында тұрғанда мəңгі көре алмайтын толып жатқантарихи көріністер мен тарихи байланыстарды байқай ала- мыз. Міне мұныңтарихты толық игеруге жəрдемі тиеді”.

Міне келіскен сөз деген!

Ə. “Батыс Өңір Қытай мен Батыс мəдениеттерінің жиектік аймағында тұр. Əсіресе таяу заманнан арыда, Батыс мəдениеті Батыс Өңірдің сүзгісінен өткеннен кейін ғана Шығысқа тарады, Шығыстың мəдениеті де Батыс Өңірдің сұрыптауынан соң ғана Батысқа жетті. Сонымен Қытай мен Батыстың əр алуан мəдениеттері осы өңірде тоғысып, сіңісіп, Батыс Өңірдің жайнаған өркениетін қалыптастырды. Ал, Шығыс пен Батыс мəдениеттері айқасқан Батыс Өңір басқа саяси, əскери жақтардағы толқуларға да көп ұшырады. Батыс пен Шығыстағы империялардың əлсіреуі мен көтерілуіне ілесе, оларға буффер зона болған Батыс Өңір шешуші ықпалдарға датап болды”.

Б. з. б. ІІ ғасырдан (демек Хəн жылнамаларында Үйсін мен Ғұн қызу сөз бола бастаған кезден) б. з. XIV ғасырына шейін, Еуразия құрлығын ендей өткен қатынас даңғылында, ежелгі Қытай мен Батыстағы елдер ара экономикалық, мəдени ауыс-түйіс жиі жүріп тұрды. Бұл желіде тасылған басты да тартымды зат Қытайдың байырғы жібектері болғандықтан ол “Жібек жолы” атанды. “Жібек жолы” деген ұғымды ең алғаш 1877 жылы, неміс география ғалымы Ричтофен (Ferdinand von Richthofen, 1833-1905,) көтерген болатын. Қытайдың əйгілі археологы Шюй Пиңфаң: жібек жолы төрт тарау, “бірі Чаң-ан мен Лояңнан шығып Хыши дəлізі арқылы Батыс Өңірге тартатын жол; енді бірі Қытайдың Солтүстігі арқылы кететін жайлау жібек жолы;Сосынғы бірі Қытайдың Сычуан, Юннан, Тибет (Шизаң) өлкелерімен жүретін жібек жолы; төртіншісі Қытайдың Шығыс-оңтүстігіндегі теңіз жағасынан шығатын теңіз жібек жолы. Ғалымдардың көрсетуінше, Жібек Жолының басты даңғылы ашылардан бұрын, əлдеқайда ертеде, талайға беймəлім, Батыс пен Шығысты тұтастырған табиғи күре жол – Еуразия даласымен өткен Жайлау Жібек Жолы болған” дейді.

Сұлтан Жанболат, "Ежелгі ұлыс тарихы"

Бөлісу: