14 Қазан 2014, 06:10
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Қазақ елінің дамуына ерекше үлес қосқан аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Ол сондай-ақ ғылымға да өте жақын болды. Мұндай азаматтың өмірімен танысу, оның өмірлік ұстанымдарын зерттеу – әрбір қазақтың парызы, ал бұл үшін ең алдымен Д.А.Қонаев атындағы музейге бару қажет.
1. Музей Алматы қаласы, Төлебаев көшесінің бойында орналасқан және екі бөліктен тұрады: музей-үй және мемориалдық музей-пәтер. Мұндағы музей-үй дегеніміз Д.А.Қонаевтың өмірі мен атқарған істеріне арналған жеке үй. Бұрын бұл композиторлар үйі болған. Музей-үйдің мекен-жайы: Төлебаев көшесі, 117.
2. Бұл музей тұтастай Д.А.Қонаевтың кезіндегі қызметіне арналған.
3. Д.А.Қонаевтың куәліктері.
4. Дінмұхамед Ахметұлының жұмыс үстелі мен орындықтары.
5. Димаш Ахметұлының өз қолымен жазған автобиографиясы.
6. Қонаевтың отбасы қолданған заттар.
7. Д.А.Қонаевтың костюм-шалбары мен дипломаты.
8. Димаш Ахметұлының аң аулауға қызыққаны бәріне мәлім. Міне мынау сол аңшылық кезінде қолға түскен жануарлардың қатырылған бейнесі.
9. Әртүрлі өңірлерде іс-сапарларда бола жүріп, Д.А.Қонаев көптеген зауыт-фабрикалардың жұмысымен танысып, олардың тиімді жұмыс істеуіне көп үлес қосты. Осы үшін қарапайым қызметкерлер сәті түсе қалған жағдайда Дінмұхамед Ахметұлына естелік сыйлықтар жіберіп отырған.
10. Мемориалдық музей-пәтер 2012 жылы 12 қаңтарда Д.А.Қонаевтың 100 жылдығына орай ашылды. Мемориалдық музейдің ерекшелігі сол, мұнда келген әрбір адам Д.А.Қонаев тұрған пәтерді өз көзімен көре алады. Пәтердегі заттардың орналасуы түгелдеу дерлік өзгеріссіз, сол қалпы сақталған. 1990 жылы Д.А.Қонаевтың жары Зухра Шәріпқызы қайтыс болған соң, Димаш Ахметұлын жалғыз қалдырмау үшін бұл пәтерге оның немере інісі Диар Қонаев өз отбасымен көшіп келді. Диар Қонаев бұл пәтерде 2011 жылдың соңына дейін тұрды. Мемориалдық музей де Төлебаев көшесінде орналасқан, тек сәл жоғарыда, 119 үйде.
11. «PontiacGrandPrix» автокөлігін Д.А.Қонаевқа 1992 жылы бизнесмендер Мұқан және Мұхтар Аухадиевтер сыйға тартқан. Аталған жәдігерді мұражайға Д.А.Қонаевтың туыстары тапсырды. Бұл Дінмұхамед Ахметұлының жалғыз жеке автокөлігі болған.»
12. Пәтер жұмыс бөлмесінен, зал мен холдан, демалатын бөлмеден және ас бөлмесінен тұрады. Сондай-ақ, пәтер астында жертөле де бар. Жұмыс бөлмесінде негізінен Д.А.Қонаевтың кітапханасы орналасқан. Мына екі суреттің алғашқысы Д.А.Қонаевтың әкесі мен анасына тиесілі.
13. Д.А.Қонаевтың тұтатқышқа өте қызыққан, мұны білген шетелдік дипломаттар, саясаткерлер міндетті түрде тұтатқыш сыйлауға тырысқан.
14. Д.А.Қонаевтың үйдегі жұмыс үстелі.
15. Д.А.Қонаевтың визит картасы тым қарапайымдылығымен ерекшеленеді.
16. Зал және холл.
17. Д.А.Қонаев пен Зухра Шәріпқызының жатын бөлмесі.
18. Ас бөлмесі және Д.А.Қонаев жақсы көретін кепкен тоқаш (сушки)
Мұражайдың жұмыс кестесі:
Бейсенбі - жексенбі: 09.00-19.00
Дүйсенбі - демалыс
Мұражайға кіру құны: ересектерге - 400 теңге (сәрсенбі, сенбі - 800 теңге)
Студенттерге - 300 теңге
Оқушыларға - 200 теңге
Экскурсия жасау құны: 500 теңге
Материалды әзірлеген - Дархан Өмірбек