Cыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған күдікті ұсталды

12 Шілде 2022, 09:20 920

Күдікті 2010 жылдан бастап халықаралық іздеуде жүрген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық қудалау органынан жасырынған адамдарды іздестіруге ерекше назар аударады, деп хабарлайды El.kz Антикорға сілтеме жасап.

«Олардың көпшілігі қазақстандық сот төрелігінің қолы жетімсіз болу үшін елден тыс жерлерде жасырынып жүреді. Мысалы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің елордалық департаменті 2010 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікті Болат Алтынбековты халықаралық іздестіруді жүзеге асырды», - делінген агенттік хабарламасында.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполмен бірлесіп, Мәскеу қаласында Алтынбековті ұстап, қамауға алынды.

«Тергеу органдарынан жасырыну үшін ол өзінің тегін «Алтынбековтн» «Алшерге» өзгерткен. Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі басталды», - деп жазды Антикор.


Бөлісу: