COVID-19 қайта күшейе ме

19 Желтоқсан 2023, 14:40 2234

Сингапурде COVID-19  тұмауы белең ала бастады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Осы елдің денсаулық сақтау министрлігі желтоқсан айының бірінші аптасында COVID-19 жағдайларының саны 24018-ге  дейін өскенін хабарлады.

Билік өкілдері халықты жедел респираторлық инфекция белгілері болса үйде болуға, бетперде киюге және әлеуметтік қарым-қатынасты азайтуға шақырды. Сонымен қатар, елге келген саяхатшылардың да бетперде тағуын қадағалап, кейбір орындарға бармау туралы шаралар қабылдап жатыр.

Аурухана ресурстарын оңтайландыру үшін жұртшылыққа тек ауыр немесе өмірге қауіп төндіретін төтенше жағдайларда ғана жедел жәрдем бөлімшелеріне емделуге кеңес берілген.

 Айта кету керек, бұған дейін Қытайда микоплазмалық пневмонияға байланысты бетперде режимі енгізілген болатын.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: