Алғаш рет Абайдың әйелінің көйлегі көрмеге қойылды

8 Ақпан 2013, 03:51

Cемейдің Тарихи-өлкетану мұражайы өзінің 130-жылдығы қарсаңында ұзақ жылдар бойы қоймада сақталған кереметтей экспонаттарды жұрт көзіне шығарды. Олардың ішінде ерекше атап өтерлік жәдігер – ұлы ойшыл Абайдың әйелдерінің бірінің көйлегі. «Біз бұл көйлекті ешкімге жарияламастан көп жылдар сақтадық. Жәдігер мұражайға 19 ғасырдың соңына қарай тапыс етілген және мүліктерді тіркеу кітабында Абайдың әйелінің көйлегі деп жазылған. Киім қарапайымдау, қара-күлгін түсті, атласқа ұқсас әсем жұқа матадан тігілген. Көйлектің жоғарғы және төменгі жағында аппликация түрінде кесте бар»,– деді мұражайдың бас қор сақтаушысы Айгүл Нұрабаева. Көрмеде, сондай-ақ, 1905 жылы «Алаш» партиясының белсенді өкілдерінің Төлеген Нүрекеновқа тиесілі болған ағаш ертоқым қойылды. Сонымен бірге қарашекпендердің киімдері, түрлі самауырындар, өте сирек кездесетін фарфор ыдыстар, біздің өңірлерде өмір сүрген жануарлардың мүйіздері, сүйектен жасалған сыйкәделер және сағат түрлері көпшіліктің назарына ұсынылды. Қазақтың айқасқа ұл-қыздары академик Қаныш Сәтбаевтың асханалық құрал-жабдықтары, Күләш Сәкиеваның концерттік көйлегі, Роза Рымбаеваның хрустальды фазасын да осы жерден көруге болады. «Хрусталь фазадан басқа, көп жыл бұрын әнші бізге өзінің бірінші концерттік көйлегін сыйға тартқан еді. Роза Рымбаеваның грамоталарын, фотосуреттерін, пластикаларын бізден басқа ешқай мұражайдан таппайсыз»,– деді Нұрабаева. BAQ.kz

Cемейдің Тарихи-өлкетану мұражайы өзінің 130-жылдығы қарсаңында ұзақ жылдар бойы қоймада сақталған кереметтей экспонаттарды жұрт көзіне шығарды.
Олардың ішінде ерекше атап өтерлік жәдігер – ұлы ойшыл Абайдың әйелдерінің бірінің көйлегі. «Біз бұл көйлекті ешкімге жарияламастан көп жылдар сақтадық. Жәдігер мұражайға 19 ғасырдың соңына қарай тапыс етілген және мүліктерді тіркеу кітабында Абайдың әйелінің көйлегі деп жазылған. Киім қарапайымдау, қара-күлгін түсті, атласқа ұқсас әсем жұқа матадан тігілген. Көйлектің жоғарғы және төменгі жағында аппликация түрінде кесте бар»,– деді мұражайдың бас қор сақтаушысы Айгүл Нұрабаева.
Көрмеде, сондай-ақ, 1905 жылы «Алаш» партиясының белсенді өкілдерінің Төлеген Нүрекеновқа тиесілі болған ағаш ертоқым қойылды. Сонымен бірге қарашекпендердің киімдері, түрлі самауырындар, өте сирек кездесетін фарфор ыдыстар, біздің өңірлерде өмір сүрген жануарлардың мүйіздері, сүйектен жасалған сыйкәделер және сағат түрлері көпшіліктің назарына ұсынылды.
Қазақтың айқасқа ұл-қыздары академик Қаныш Сәтбаевтың асханалық құрал-жабдықтары, Күләш Сәкиеваның концерттік көйлегі, Роза Рымбаеваның хрустальды фазасын да осы жерден көруге болады. «Хрусталь фазадан басқа, көп жыл бұрын әнші бізге өзінің бірінші концерттік көйлегін сыйға тартқан еді. Роза Рымбаеваның грамоталарын, фотосуреттерін, пластикаларын бізден басқа ешқай мұражайдан таппайсыз»,– деді Нұрабаева.

BAQ.kz

Бөлісу: