Итальяндық режиссер Қазақстан туралы 20 сериялы деректі фильм түсіреді

6 Ақпан 2013, 11:37

Итальяндық режиссер Қазақстан туралы 20 сериялы деректі фильм түсіреді, деп хабарлады BNews.kz тілшісі «Қазақфильм» киностудиясының Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасай отырып. "Таяуда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына итальяндық деректі фильмдер мен телешоулардың сценарисі мен режиссері Давиде Тапперо Мерло келді. Ол елімізге Қазақстан туралы, еліміздің мәдениеті, табиғаты мен шоу-бизнесі туралы көп сериялы деректі фильм түсіру үшін келді. Фильмнің басты кейіпкері итальяндық әнші Сон Паскаль", - деп хабарлады киностудиядан. Киностудиядан хабарлағандай, Давиде Тапперо Мерло жарнама мен ТВ-да тәжірибесі мол. Ол MTV, La7, Deejay TV, Comedy Central, Nickelodeon, Mediaset, Endemol, Sky, Nokia, Samsung, Unilever, Universal Music, UEFA Champions League үшін сценарийлер жазған. BNews.kz

Итальяндық режиссер Қазақстан туралы 20 сериялы деректі фильм түсіреді, деп хабарлады BNews.kz тілшісі «Қазақфильм» киностудиясының Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасай отырып.

"Таяуда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына итальяндық деректі фильмдер мен телешоулардың сценарисі мен режиссері Давиде Тапперо Мерло келді. Ол елімізге Қазақстан туралы, еліміздің мәдениеті, табиғаты мен шоу-бизнесі туралы көп сериялы деректі фильм түсіру үшін келді. Фильмнің басты кейіпкері итальяндық әнші Сон Паскаль", - деп хабарлады киностудиядан.

Киностудиядан хабарлағандай, Давиде Тапперо Мерло жарнама мен ТВ-да тәжірибесі мол. Ол MTV, La7, Deejay TV, Comedy Central, Nickelodeon, Mediaset, Endemol, Sky, Nokia, Samsung, Unilever, Universal Music, UEFA Champions League үшін сценарийлер жазған.

BNews.kz

Бөлісу: