Статистика агенттігі сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандартына сәйкестігін растады

6 Ақпан 2013, 11:34

Статистика агенттігі өткен жылы сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігін растады. Бұл жөнінде бүгін ҚР Статистика агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Қадағалау аудитін әлемнің жетпістен аса елінде халықаралық түрде танылған ТЮФ Интернационал РУС халықаралық органы өткізді. Сапа жүйесін енгізу шеңберінде әзірленген материалдар ТМД елдерінің статистикалық кеңселерінің қызығушылығын тудырды, өйткені Қазақстан алғашқылардың бірі болып сапа менеджменті жүйесінің статистикалық қызметте қолданылатын ИСО 9001 стандартының талаптарына сәйкестігін растады», - деп атап өтті агенттік төрағасы. Естеріңізге сала кетейік, Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаевтың қатысуымен ҚР Статистика агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп жатыр. Жиында агенттіктің өткен жылы атқарған жұмысы қорытындыланып, 2013 жылдың негізгі мақсат-міндеттері белгіленеді. Айымгүл Әбілева

Статистика агенттігі өткен жылы сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігін растады. Бұл жөнінде бүгін ҚР Статистика агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Қадағалау аудитін әлемнің жетпістен аса елінде халықаралық түрде танылған ТЮФ Интернационал РУС халықаралық органы өткізді. Сапа жүйесін енгізу шеңберінде әзірленген материалдар ТМД елдерінің статистикалық кеңселерінің қызығушылығын тудырды, өйткені Қазақстан алғашқылардың бірі болып сапа менеджменті жүйесінің статистикалық қызметте қолданылатын ИСО 9001 стандартының талаптарына сәйкестігін растады», - деп атап өтті агенттік төрағасы.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаевтың қатысуымен ҚР Статистика агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп жатыр. Жиында агенттіктің өткен жылы атқарған жұмысы қорытындыланып, 2013 жылдың негізгі мақсат-міндеттері белгіленеді.

Айымгүл Әбілева

Бөлісу: