Қытайда ерекше жыландар мекен етеді (видео)

6 Ақпан 2013, 04:37

Қытайдың шығысындағы елдімекендердің бірінде ерекше жыландар мекен етеді. Мәселен, «Қытайлық мокасины» атты біз тұмсықты жылан түрі, адамға аса қауіпті және улы болып келеді. Қазір Қытайдың жаңа жыл мерекесі қарсаңында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған саяхатшылар дәл осы аймақтарға жыландарды көруге ағылып келіп жатыр екен. Себебі, жылан елде кішкене айдаһар, Жаңа жыл символы болып есептеледі. Жергілікті тұрғындар бауырымен жорғалаушыларды, тек, туристерге қойылым қою мақсатында ғана емес, дәрі жасау үшін де пайдаланады. Олардың уы дәстүрлі Қытай медицинасында кеңінен қолданылатын көрінеді. Жалпы, «Зицикао» елдімекенінде жылан өсіру 1980 жылдан бері әдеттке айналған. Негізгі кәсібін жылан аулауға арнаған Ян Ксюбанг деген жергілікті шаруа осы өңірлерде аса танымал екен.

Қытайдың шығысындағы елдімекендердің бірінде ерекше жыландар мекен етеді.

Мәселен, «Қытайлық мокасины» атты біз тұмсықты жылан түрі, адамға аса қауіпті және улы болып келеді. Қазір Қытайдың жаңа жыл мерекесі қарсаңында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған саяхатшылар дәл осы аймақтарға жыландарды көруге ағылып келіп жатыр екен. Себебі, жылан елде кішкене айдаһар, Жаңа жыл символы болып есептеледі. Жергілікті тұрғындар бауырымен жорғалаушыларды, тек, туристерге қойылым қою мақсатында ғана емес, дәрі жасау үшін де пайдаланады. Олардың уы дәстүрлі Қытай медицинасында кеңінен қолданылатын көрінеді. Жалпы, «Зицикао» елдімекенінде жылан өсіру 1980 жылдан бері әдеттке айналған. Негізгі кәсібін жылан аулауға арнаған Ян Ксюбанг деген жергілікті шаруа осы өңірлерде аса танымал екен.

Бөлісу: