«Бұлбұл еді, дүлдүл еді, Кенекең»

5 Ақпан 2013, 17:27

Ғасырға жуық ғұмыр кешкен Кенен өзі өмір сүрген замандағы әйгілі «Июнь жарлығы», сонымен сабақтас 1916 жылғы Ұлт-азаттық қозғалысы, Қазан төңкерісі, ұжымдастыру науқаны, халық дәулетінің жаппай тәркіленуі, халықты қынадай қырып кеткен ашаршылық, репрессия, соғыс, одан кейінгі тың игеру мен екпінді құрылыстар салу барысындағы халық тағдырына түбегейлі өзгеріс енгізген тарихи оқиғалардың бел ортасында болды. Ол өз ғұмырында жүзден аса ән шығарып, оның өлеңін де өзі жазып, бұған қоса асқан шеберлікпен өзі орындаған біртуар дарын иесі. Сондай-ақ, екі жүздей арнаулар мен толғаулардың авторы. Оның репертуарында оңдаған эпикалық жыр-дастан болған. Сол жыр-дастандарды таңды-таңға ұрып жырлап, тыңдаушысының құлақ құрышын қандырып, халықтың рухани ұйтқысы болған тұлға.

Ғасырға жуық ғұмыр кешкен Кенен өзі өмір сүрген замандағы әйгілі «Июнь жарлығы», сонымен сабақтас 1916 жылғы Ұлт-азаттық қозғалысы, Қазан төңкерісі, ұжымдастыру науқаны, халық дәулетінің жаппай тәркіленуі, халықты қынадай қырып кеткен ашаршылық, репрессия, соғыс, одан кейінгі тың игеру мен екпінді құрылыстар салу барысындағы халық тағдырына түбегейлі өзгеріс енгізген тарихи оқиғалардың бел ортасында болды.

Ол өз ғұмырында жүзден аса ән шығарып, оның өлеңін де өзі жазып, бұған қоса асқан шеберлікпен өзі орындаған біртуар дарын иесі. Сондай-ақ, екі жүздей арнаулар мен толғаулардың авторы. Оның репертуарында оңдаған эпикалық жыр-дастан болған. Сол жыр-дастандарды таңды-таңға ұрып жырлап, тыңдаушысының құлақ құрышын қандырып, халықтың рухани ұйтқысы болған тұлға.

Қазақтың маңдайына біткен ерекше дарын иесі Кенен Әзірбаевтың 125 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кешті көріңіз. Бүгін, 15:05-те «Мәдениет» арнасында.
http://madeniet.kaztrk.kz
Бөлісу: