«Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі стратегия 2014 жылы қабылданбақ

1 Ақпан 2013, 05:30

«Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі стратегия 2014 жылы қабылданады деп жоспарланып отыр. Бұл жөнінде бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Нұрлан Қаппаров мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Елбасының «Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі стратегияны әзірлеу жөніндегі тапсырмасына сай, Премьер-министрдің жарлығымен жұмыс тобы құрылды. Стратегия жобасын қоршаған ортаны қорғау министрлігі әзірлейді. Өткен жылдың соңында жұмыс тобының кеңейтілген отырысында жобаны жүзеге асырудың бірінші кезеңі қаралды. Қазіргі уақытта жобаның екінші кезеңінің аясында стратегияның толыққанды жобасын әзірлеу үшін экономиканың түрлі сегменттеріне жан жақты талдау жүргізіліп жатыр. Стратегияның қағидалары Мемлекет басшысының Жолдауындағы мақсат міндеттерімен үйлесетін болады», - деп атап өтті қоршаған ортаны қорғау министрі. Министрдің айтуынша, «Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі стратегия 2014 жылы қабылданады деп жоспарланып отыр. Айымгүл ӘБІЛЕВА

«Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі стратегия 2014 жылы қабылданады деп жоспарланып отыр. Бұл жөнінде бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Нұрлан Қаппаров мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Елбасының «Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі стратегияны әзірлеу жөніндегі тапсырмасына сай, Премьер-министрдің жарлығымен жұмыс тобы құрылды. Стратегия жобасын қоршаған ортаны қорғау министрлігі әзірлейді. Өткен жылдың соңында жұмыс тобының кеңейтілген отырысында жобаны жүзеге асырудың бірінші кезеңі қаралды. Қазіргі уақытта жобаның екінші кезеңінің аясында стратегияның толыққанды жобасын әзірлеу үшін экономиканың түрлі сегменттеріне жан жақты талдау жүргізіліп жатыр. Стратегияның қағидалары Мемлекет басшысының Жолдауындағы мақсат міндеттерімен үйлесетін болады», - деп атап өтті қоршаған ортаны қорғау министрі.

Министрдің айтуынша, «Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі стратегия 2014 жылы қабылданады деп жоспарланып отыр.

Айымгүл ӘБІЛЕВА

Бөлісу: