2013 жылдың 1 қаңтарында қалдықтарды басқару бағдарламасы енгізілді – ҚОҚМ басшысы

1 Ақпан 2013, 05:22

2013 жылдың 1 қаңтарында қалдықтарды басқару бағдарламасы енгізілді. Бұл жөнінде бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өткен жылы атқарған жұмысының қорытындысы шығарылып, биылғы жылдың міндеттері белгіленген кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Нұрлан Қаппаров мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Қазір елімізде 100 млн. тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдық бар. Осы мәселені кешенді және тиімді түрде шешу үшін Президенттің жарлығына сәйкес тұрмыстық қалдықтарды басқарудың жалпы саясаты біздің министрлікке беріліп отыр», - деді ҚОҚМ басшысы Нұрлан Қаппаров. Министр осы мақсатта биыл бірінші қаңтардан бастап жаңа басқару құралы – қалдықтарды басқару бағдарламасы енгізілгенін атап өтті. Бұл бағдарлама қалдықтарды азайтуға бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады. Айымгүл ӘБІЛЕВА

2013 жылдың 1 қаңтарында қалдықтарды басқару бағдарламасы енгізілді. Бұл жөнінде бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өткен жылы атқарған жұмысының қорытындысы шығарылып, биылғы жылдың міндеттері белгіленген кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Нұрлан Қаппаров мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Қазір елімізде 100 млн. тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдық бар. Осы мәселені кешенді және тиімді түрде шешу үшін Президенттің жарлығына сәйкес тұрмыстық қалдықтарды басқарудың жалпы саясаты біздің министрлікке беріліп отыр», - деді ҚОҚМ басшысы Нұрлан Қаппаров.

Министр осы мақсатта биыл бірінші қаңтардан бастап жаңа басқару құралы – қалдықтарды басқару бағдарламасы енгізілгенін атап өтті. Бұл бағдарлама қалдықтарды азайтуға бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады.

Айымгүл ӘБІЛЕВА

Бөлісу: