АҚШ-та алапат торнадо тіркелді (видео)

31 Қаңтар 2013, 09:01

АҚШ-та күн райы бұзылды. Елдің орталығы мен оңтүстік-шығысында дүлей дауыл көтеріліп, 2 адам опат болды.  Торнадо, әсіресе, Миссисипи, Индиана,Теннеси және Джорджия штаттарына күшті соққы берді. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, Нэшвилл қаласында екпінді жел салдарынан адамдардың үстіне ағаш құлап, шаһарда төтенше жағдай жарияланды. Алапат дауылдан тұрғын үйлер мен кеңселердің астан-кестені шықты. Индиана штатында электр сымдар үзіліп, 12 мыңға жуық тұрғын жарықсыз қалған. Ал, Джорджия штатында адамдар торнадоның дүлей күшін әуесқой бейнетаспаға түсіріп үлгеріпті. Жолдарды көктайғақ басып, көлік қозғалысы едәуір қиындаған. Қазір зардап шеккендердің нақты саны анықталып жатыр. Ауа райын болжаушылар дүлей дауыл елдің оңтүстігіндегі Огайо штаты мен Мексика шығанағына қарай бет алғанын ескертті.

АҚШ-та күн райы бұзылды. Елдің орталығы мен оңтүстік-шығысында дүлей дауыл көтеріліп, 2 адам опат болды. 

Торнадо, әсіресе, Миссисипи, Индиана,Теннеси және Джорджия штаттарына күшті соққы берді. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, Нэшвилл қаласында екпінді жел салдарынан адамдардың үстіне ағаш құлап, шаһарда төтенше жағдай жарияланды. Алапат дауылдан тұрғын үйлер мен кеңселердің астан-кестені шықты. Индиана штатында электр сымдар үзіліп, 12 мыңға жуық тұрғын жарықсыз қалған. Ал, Джорджия штатында адамдар торнадоның дүлей күшін әуесқой бейнетаспаға түсіріп үлгеріпті. Жолдарды көктайғақ басып, көлік қозғалысы едәуір қиындаған. Қазір зардап шеккендердің нақты саны анықталып жатыр. Ауа райын болжаушылар дүлей дауыл елдің оңтүстігіндегі Огайо штаты мен Мексика шығанағына қарай бет алғанын ескертті.

Бөлісу: