«Блогқұрылтай – 2013» Шымкентте өтеді

31 Қаңтар 2013, 08:43

Бұдан біраз бұрын қы­зу талқыға түскен «Блог­құрылтай – 2013» биылғы жыл­дың 23-24 наурыз ара­лы­ғында шырайлы Шым­қа­ла­мыз­да өтетін болып шешілді.  Блогқұрылтай туралы қысқаша таныс­ты­рар болсақ, ол – қазақтілді интернеттің қол­­дану аясын кеңейтіп, жастарды жаңа технологиямен еркін жұмыс істеуге үйретіп, қазақ контентінің деңгейін көтеру арқылы ғаламтор кеңістігінде жүрген мамандардың қызықты әрі пайдалы жобаларына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылатын жиын. Бұған дейін мұндай шаралар 2011 жылы Алматы қаласындағы КИМЭП университетінде, былтыр наурыз айында Астана қаласындағы Назарбаев универ­си­тетінде өткен еді. Әр­қашан қонақжайлылығымен ерек­ше­ленген өңіріміздің жоба үйлестірушілері өз дайындықтарын ерте бастан бастап кет­ті. Дәстүрлі құрылтайдың басқалардан өзге­шелігі – әлемнің бірнеше елінде қа­зақ интернет ресурстарының дамуына үлес қосып жүрген шетелдегі қан­дас­та­рымыз бен көршілес елдердің мамандары мен блогерлері келеді деп күтілуде. Соны­мен қатар еліміздің барлық аймағынан ке­летін қатысушылардың да көңілінен шық­сақ деген үмітте. Ал ОҚО әкімінің баспасөз саласының қыз­меткері Амангелді Құрметұлы биылғы блогқұрылтайдың сәтті өтуіне облыс бас­шыларының да қолдау көрсететінін жет­кіз­ді. Бұл ретте Блогқұрылтайға қаз­нет­тің бел­сенді қолданушылары: блогшылар, ин­­тернет журналистер, IT мамандары қа­ты­сып, өзара тәжірибе алмасып, келелі мә­­селелерді талқылайды деп күтілуде. Автор: Нұршат ТӨКЕН, Оңтүстік Қазақстан облысы  Алаш айнасы

Бұдан біраз бұрын қы­зу талқыға түскен «Блог­құрылтай – 2013» биылғы жыл­дың 23-24 наурыз ара­лы­ғында шырайлы Шым­қа­ла­мыз­да өтетін болып шешілді. 

Блогқұрылтай туралы қысқаша таныс­ты­рар болсақ, ол – қазақтілді интернеттің қол­­дану аясын кеңейтіп, жастарды жаңа технологиямен еркін жұмыс істеуге үйретіп, қазақ контентінің деңгейін көтеру арқылы ғаламтор кеңістігінде жүрген мамандардың қызықты әрі пайдалы жобаларына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылатын жиын. Бұған дейін мұндай шаралар 2011 жылы Алматы қаласындағы КИМЭП университетінде, былтыр наурыз айында Астана қаласындағы Назарбаев универ­си­тетінде өткен еді.

Әр­қашан қонақжайлылығымен ерек­ше­ленген өңіріміздің жоба үйлестірушілері өз дайындықтарын ерте бастан бастап кет­ті. Дәстүрлі құрылтайдың басқалардан өзге­шелігі – әлемнің бірнеше елінде қа­зақ интернет ресурстарының дамуына үлес қосып жүрген шетелдегі қан­дас­та­рымыз бен көршілес елдердің мамандары мен блогерлері келеді деп күтілуде. Соны­мен қатар еліміздің барлық аймағынан ке­летін қатысушылардың да көңілінен шық­сақ деген үмітте.

Ал ОҚО әкімінің баспасөз саласының қыз­меткері Амангелді Құрметұлы биылғы блогқұрылтайдың сәтті өтуіне облыс бас­шыларының да қолдау көрсететінін жет­кіз­ді. Бұл ретте Блогқұрылтайға қаз­нет­тің бел­сенді қолданушылары: блогшылар, ин­­тернет журналистер, IT мамандары қа­ты­сып, өзара тәжірибе алмасып, келелі мә­­селелерді талқылайды деп күтілуде.

Автор: Нұршат ТӨКЕН, Оңтүстік Қазақстан облысы 

Алаш айнасы

Бөлісу: