Қазақстанда 150-ге жуық колледж жабылуы мүмкін

31 Қаңтар 2013, 08:38

Қазақстанда 150-ге жуық колледж жабылуы мүмкін. Бұл жөнінде Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов министрліктің алқа мәжілісінде хабарлады. «Біздегі колледж түлектерін кешенді тестіден өткізу әдісі бірінші курс студенттерінің деңгейіне оң әсерін тигізуде. Нәтижесінде тек ЖОО-ларға түсудің оңай жолы ретінде жұмыс істеп тұрған бірқатар колледждер жабыла бастады. Ондайлардың саны шамамен 100-150-дей болады деп ойлаймыз», - деді Бақытжан Жұмағұлов өзінің баяндамасында. Министрдің айтуынша, кешенді тестілеу нәтижелері техникалық және кәсіптік білім беру орындарында мамандар даярлаудың сапасына жүйелі тексерудің қажет екенін көрсеткен. BAQ.kz

Қазақстанда 150-ге жуық колледж жабылуы мүмкін. Бұл жөнінде Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов министрліктің алқа мәжілісінде хабарлады.

«Біздегі колледж түлектерін кешенді тестіден өткізу әдісі бірінші курс студенттерінің деңгейіне оң әсерін тигізуде. Нәтижесінде тек ЖОО-ларға түсудің оңай жолы ретінде жұмыс істеп тұрған бірқатар колледждер жабыла бастады. Ондайлардың саны шамамен 100-150-дей болады деп ойлаймыз», - деді Бақытжан Жұмағұлов өзінің баяндамасында.

Министрдің айтуынша, кешенді тестілеу нәтижелері техникалық және кәсіптік білім беру орындарында мамандар даярлаудың сапасына жүйелі тексерудің қажет екенін көрсеткен.

BAQ.kz

Бөлісу: