Тайландтықтар көңілді жарыс өткізуде

29 Қаңтар 2013, 08:54

Тайландтың Паттайя қаласында жыл сайын өтетін кереует үстінде жарысу марафоны өтті. Дәстүрге айналған іс-шараға өз еркімен ниет білдірген 6 адамнан тұратын 32 команда қатысты. Жарыстың шарты бойынша 4 дөңгелек орнатылған төсектегі бір адамды қалғандары итеріп, командалар бір-бірімен жарысады. Басында қатысатын командалар түрлі ашық түсті киім киіп, өз өнерлерін көрсетіп қала көшелерімен салтанатты марш өткізді. Аталған марафонның ұйымдастырушыларының айтуынша, шарадан жиналған қаражат қайырымдылық ұйымына жіберілмек. Қатысушылар да, келген қонақтар да көңілдерін көтеріп, марқайып қалды. 24 KZ  

Тайландтың Паттайя қаласында жыл сайын өтетін кереует үстінде жарысу марафоны өтті. Дәстүрге айналған іс-шараға өз еркімен ниет білдірген 6 адамнан тұратын 32 команда қатысты. Жарыстың шарты бойынша 4 дөңгелек орнатылған төсектегі бір адамды қалғандары итеріп, командалар бір-бірімен жарысады. Басында қатысатын командалар түрлі ашық түсті киім киіп, өз өнерлерін көрсетіп қала көшелерімен салтанатты марш өткізді. Аталған марафонның ұйымдастырушыларының айтуынша, шарадан жиналған қаражат қайырымдылық ұйымына жіберілмек. Қатысушылар да, келген қонақтар да көңілдерін көтеріп, марқайып қалды.

24 KZ

 

Бөлісу: