«Қазақ» газетінің 100 жылдығына орай қазақ баспасөзінің тарихы талқыланбақ

28 Қаңтар 2013, 16:22

Ертең Астанадағы Rixos қонақ үйінде белгілі алаштанушылардың қатысуымен «Қазақ баспасөзінің кешегісі мен бүгіні» талқыланбақ. Бұл жайлы ұйымдастырушылар facebook парақшасында мәлімдеді. Басқосу жаңа қазақ тілінде шынайы кәсіби газет стилін қалыптастырған, зор ағартушылық рөл атқарған басылым «Қазақ» газетінің жарыққа шыққанына 100 жыл толуына байланысты ұйымдастырылмақ. Осыдан бір ғасыр бұрын алғашқы саны жарық көрген газет Алаш қозғалысының саяси ұстанымдарын жариялап тұрды. «Аманат» интеллектуалдық пікір сайыс клубының ұйымдастырып отырған отырысында белгілі алаштанушылар – Тұрсын Жұртбай мен Қайрат Сақ өз баяндамасын жасайтын болады. Сондай-ақ, жазушы Төлен Әбдік, алаштанушы Дихан Қамзабекұлы және саясаткер Ерлан Қарин де қатысады деп күтілуде. BAQ.kz

Ертең Астанадағы Rixos қонақ үйінде белгілі алаштанушылардың қатысуымен «Қазақ баспасөзінің кешегісі мен бүгіні» талқыланбақ. Бұл жайлы ұйымдастырушылар facebook парақшасында мәлімдеді.

Басқосу жаңа қазақ тілінде шынайы кәсіби газет стилін қалыптастырған, зор ағартушылық рөл атқарған басылым «Қазақ» газетінің жарыққа шыққанына 100 жыл толуына байланысты ұйымдастырылмақ. Осыдан бір ғасыр бұрын алғашқы саны жарық көрген газет Алаш қозғалысының саяси ұстанымдарын жариялап тұрды.

«Аманат» интеллектуалдық пікір сайыс клубының ұйымдастырып отырған отырысында белгілі алаштанушылар – Тұрсын Жұртбай мен Қайрат Сақ өз баяндамасын жасайтын болады. Сондай-ақ, жазушы Төлен Әбдік, алаштанушы Дихан Қамзабекұлы және саясаткер Ерлан Қарин де қатысады деп күтілуде.

BAQ.kz

Бөлісу: