ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми сайты ашылды

28 Қаңтар 2013, 06:41

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің сайты ресми түрде ашық деп жарияланды. Бұл туралы бүгін ведомствоның ресми өкілі Алтай Әбибуллаев баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Сынақ кезеңінде ғаламтор пайдаланушылары, журналистер бізге өздерінің көптеген ұсыныстарын жолдаған болатын. Сол ұсыныстардың басым көпшілігін ескеруге тырыстық. Осыған орай, бүгін тұңғыш рет ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми түрде сайтын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Сайтымыздың аты - ortcom.kz. Біздің ресми интернет парақшамыздың жалпыұлттық, аймақтық және халықаралық іс-шаралар бөлімінде барша ақпарат қамтылған», - деді А.Әбибуллаев. Диана Құлмағанбетова

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің сайты ресми түрде ашық деп жарияланды. Бұл туралы бүгін ведомствоның ресми өкілі Алтай Әбибуллаев баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Сынақ кезеңінде ғаламтор пайдаланушылары, журналистер бізге өздерінің көптеген ұсыныстарын жолдаған болатын. Сол ұсыныстардың басым көпшілігін ескеруге тырыстық. Осыған орай, бүгін тұңғыш рет ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми түрде сайтын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Сайтымыздың аты - ortcom.kz. Біздің ресми интернет парақшамыздың жалпыұлттық, аймақтық және халықаралық іс-шаралар бөлімінде барша ақпарат қамтылған», - деді А.Әбибуллаев.

Диана Құлмағанбетова
Бөлісу: