Астананың төрінде көктемгі ән-күй әуелемек

26 Қаңтар 2013, 10:15

10-16 мамыр аралығында Астанада жас пианистердің "Astana Piano Passion" классикалық музыкасының және байқауының бірінші халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды astana.kz. Фестиваль аясында Ресейдің Халық артисі Денис Мацуев, сондай-ақ "Astana Piano Passion" жас пианистер байқауының қазылар алқасының мүшелері концерт береді. Бір апта бойы Бейбітшілік және келісім сарайында, Қазақстан ұлттық өнер университетінің «Шабыт» шығармашылық сарайында, «Қазақстан» Орталық концерт залында әлемнің төрт бұрышынан келген дарынды пианистер өз өнерлерін паш етпек. Күн сайын таңғы 10-нан кешкі 8-ге дейін әртүрлі жас тобындағы балалар тыңдалады.

10-16 мамыр аралығында Астанада жас пианистердің "Astana Piano Passion" классикалық музыкасының және байқауының бірінші халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды astana.kz.

Фестиваль аясында Ресейдің Халық артисі Денис Мацуев, сондай-ақ "Astana Piano Passion" жас пианистер байқауының қазылар алқасының мүшелері концерт береді.
Бір апта бойы Бейбітшілік және келісім сарайында, Қазақстан ұлттық өнер университетінің «Шабыт» шығармашылық сарайында, «Қазақстан» Орталық концерт залында әлемнің төрт бұрышынан келген дарынды пианистер өз өнерлерін паш етпек. Күн сайын таңғы 10-нан кешкі 8-ге дейін әртүрлі жас тобындағы балалар тыңдалады.

Бөлісу: