Елордада 2 084 көпқабатты тұрғын үй бар

25 Қаңтар 2013, 09:00

Астана қаласы тұрғын үй қорының көлемі  – 2 084 көпқабатты үй. Қарқынды жүргізілген құрылыс жұмыстарына қарамастан, елордада  ескі үйлер азаймай отыр.  Бұл туралы  қалалық Тұғын үй инспекциясынан мәлім етті. ҚР қолданыстағы заңларына сәйкес тұрғын үйлерді  ескірген және апатты  деп тану үшін  оның пайыздық  мөлшердегі  техникалық жағдайына жасалған акті болуы қажет.  Акт қорытындысын инженерлік-іздестіру жұмыстарын орындауға тіркелген қызметкерлері бар мамандандырылған мекеме, сондай-ақ, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті  бере алады.    Ескіруі  61%-дан асқан тұрғын үйлерді жөндеуден өткізу экономикалық жағынан мақсатты деп саналмайды. Олар бірден бұзылуы тиіс.     Дегенмен,  көптеген тұрғындарды үйлері ескірген, бірақ күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге болатын жағдайда не істеу керек деген сауал мазалайды.  ҚР  «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 35 бабына сәйкес, тұрғын жай (пәтер) иелері   жекеменшіктегі жалпы мүлік пен орынжайларды ұстау үшін  жұмсалатын барлық шығындарды бірге көтеруі міндетті және оның орындалуына жауапты болады. Ғимаратты жөндеуге  талап етілетін  қаржы көлемін барлық тұрғындардың  бірден төлеуге мүмкіндігі бола бермейді.    Қазіргі уақытта тұрғын үй қорының жағдайын жақсарту мақсатында Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңартудың (ТКШЖ) мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бағдарламаның маңызы бюджеттік қаржыландырудың кері механизмі негізінде, көп пәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін күрделі жөндеу. Басқаша айтқанда, мемлекет тұрғындарға «несие» береді, олар несиені кезең-кезеңімен белгілі уақыт ішінде қайтарады. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңарту бағдарламасына тұрғын үйді қосу үшін: 1. Тұрғын үйдің кондоминиум нысанын әділет органдарында тіркеу қажет; 2. Осы тұрғын үйдің кондоминиум нысанын басқаратын органды таңдау қажет (ПИК, ӨБК, Басқару компаниясы және т.б.); 3. Пәтер иелерінің хаттамалық жиналысын рәсімдеу және тұрғын үйді күрделі жөндеу қажет (тұрғындардың кемінде 66,7%-ы келісуі тиіс). Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Астана қаласы тұрғын үй қорының көлемі  – 2 084 көпқабатты үй. Қарқынды жүргізілген құрылыс жұмыстарына қарамастан, елордада  ескі үйлер азаймай отыр.  Бұл туралы  қалалық Тұғын үй инспекциясынан мәлім етті.

ҚР қолданыстағы заңларына сәйкес тұрғын үйлерді  ескірген және апатты  деп тану үшін  оның пайыздық  мөлшердегі  техникалық жағдайына жасалған акті болуы қажет.  Акт қорытындысын инженерлік-іздестіру жұмыстарын орындауға тіркелген қызметкерлері бар мамандандырылған мекеме, сондай-ақ, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті  бере алады.    Ескіруі  61%-дан асқан тұрғын үйлерді жөндеуден өткізу экономикалық жағынан мақсатты деп саналмайды. Олар бірден бұзылуы тиіс.    

Дегенмен,  көптеген тұрғындарды үйлері ескірген, бірақ күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге болатын жағдайда не істеу керек деген сауал мазалайды.  ҚР  «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 35 бабына сәйкес, тұрғын жай (пәтер) иелері   жекеменшіктегі жалпы мүлік пен орынжайларды ұстау үшін  жұмсалатын барлық шығындарды бірге көтеруі міндетті және оның орындалуына жауапты болады. Ғимаратты жөндеуге  талап етілетін  қаржы көлемін барлық тұрғындардың  бірден төлеуге мүмкіндігі бола бермейді.   

Қазіргі уақытта тұрғын үй қорының жағдайын жақсарту мақсатында Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңартудың (ТКШЖ) мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бағдарламаның маңызы бюджеттік қаржыландырудың кері механизмі негізінде, көп пәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін күрделі жөндеу. Басқаша айтқанда, мемлекет тұрғындарға «несие» береді, олар несиені кезең-кезеңімен белгілі уақыт ішінде қайтарады.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңарту бағдарламасына тұрғын үйді қосу үшін:

1. Тұрғын үйдің кондоминиум нысанын әділет органдарында тіркеу қажет;

2. Осы тұрғын үйдің кондоминиум нысанын басқаратын органды таңдау қажет (ПИК, ӨБК, Басқару компаниясы және т.б.);

3. Пәтер иелерінің хаттамалық жиналысын рәсімдеу және тұрғын үйді күрделі жөндеу қажет (тұрғындардың кемінде 66,7%-ы келісуі тиіс).

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу: