Әдебиеттен Букер сыйлығына үміткерлер анықталды, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
Өз отандарында шығармашылығына тыйым салынған Ресей жазушысы Владимир Сорокин мен Қытай жазушысы Ян Лианке әдебиет саласындағы халықаралық Букер сыйлығына үміткерлердің ондығына енді. Совет одағы тұсында Сорокиннің шығармашылығына тыйым салынған еді. Үміткерлер қатарында Израиль, Франция, Пәкістан, АҚШ, Үндістан, Канада және Швейцария жазушылары да бар.
Сыйлық 2005 жылы Ұлыбританияның танымал Букер сыйлығының қосымшасы ретінде тағайындалған еді. Оған еңбектері ағылшын тілінде жазылған немесе балысып шыққан жазушылар ұсыныла алады. Сыйлықтың иегері 22 мамырда Лондонда анықталады.
Бұған дейін сыйлықты америкалық Филипп Рот, нигериялық Чинуа Ачебе және канадалық Элис Мунро иеленген.
Bnews.kz