Google-дың жылдық табысы рекордтық деңгейге жетті

23 Қаңтар 2013, 06:26

Google корпорациясының жылдық табысы компания құрылғаннан бері алғаш рет 50 млрд долларға жетті, деп жазады Лента.Ру. 22 қаңтарда Agence France-Presse агенттігі корпорацияның тоқсандық есебіне сілтеме жасай отырып, олардың табысы 50,2 млрд долларға жеткенін және оның 2011 жылға қарағанда 32% артық екенін хабарлады.  Google-дың соңғы тоқсандағы табысы 2,89 млрд долларды құрапты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7% жоғары. Компанияның жылдық табысы 2011 жылға қарағанда 10% көбейіп, 10,7 млрд долларға жетті. Google-дың табысы жөніндегі есеп жарыққа шыққаннан кейін компанияның акцияларының құны 3,5% артып, 730,03 долларға бағаланды. Компанияның қаржылық көрсеткішінің жоғарылауы АҚШ-тың мобильдік және интернет-жарнама нарығы белсенділігінің артуымен тұспа тұс келіп отыр. Google бұл нарықтағы жалпы табыстың 41% иеленеді. Осыған байланысты есепте келтірілген мәліметтер сапаршылардың болжамынан асып түсті, деп жазады Bloomberg. 2012 жылдың мамыр айында корпорация Motorola Mobility компаниясын 12,5 млрд долларға сатып алған. BNews.kz

Google корпорациясының жылдық табысы компания құрылғаннан бері алғаш рет 50 млрд долларға жетті, деп жазады Лента.Ру.

22 қаңтарда Agence France-Presse агенттігі корпорацияның тоқсандық есебіне сілтеме жасай отырып, олардың табысы 50,2 млрд долларға жеткенін және оның 2011 жылға қарағанда 32% артық екенін хабарлады. 

Google-дың соңғы тоқсандағы табысы 2,89 млрд долларды құрапты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7% жоғары.

Компанияның жылдық табысы 2011 жылға қарағанда 10% көбейіп, 10,7 млрд долларға жетті.

Google-дың табысы жөніндегі есеп жарыққа шыққаннан кейін компанияның акцияларының құны 3,5% артып, 730,03 долларға бағаланды.

Компанияның қаржылық көрсеткішінің жоғарылауы АҚШ-тың мобильдік және интернет-жарнама нарығы белсенділігінің артуымен тұспа тұс келіп отыр. Google бұл нарықтағы жалпы табыстың 41% иеленеді. Осыған байланысты есепте келтірілген мәліметтер сапаршылардың болжамынан асып түсті, деп жазады Bloomberg.

2012 жылдың мамыр айында корпорация Motorola Mobility компаниясын 12,5 млрд долларға сатып алған.

BNews.kz

Бөлісу: