Жерар Пике мен Шакира ұлды болды

23 Қаңтар 2013, 06:03

Әйгілі испан футболшысы, әлем чемпионы Жерар Пике мен колумбиялық әнші Шакираның отбасы бір ұл баламен толықты. «Барселона» клубының намысын қорғап жүрген Пике перзентіне Милан деген ат беріп отыр. Мұндай ақпарат кеше жайында Шакираның жеке сайтында жарық көрді. «Ұлымыздың есімінің итальяндық футбол командасына еш қатысы жоқ. «Милан» атауы әлемнің көптеген тілінде кездесіп жатады. Мәселен, славяндарда ол «қымбатты», «рақымшыл» дегенді білдірсе, көне Рим тілінде «еңбекқор», ал санскритте «бірлік» деген мағынаға ие» дейді Пике мен Шакира ғаламторға жариялаған хабарламасында. Жерар Пикенің атасы өз заманында каталондық «Барселонаның» вице-президенті болған. Бұл кезде Жерар клубтың жастар командасында өнер көрсетіп жүрді. Ал, 2008 жылдан бастап кәсіби спортшы атанған болатын. Шакира болса 35 жаста. Ол өз күйеуінен он жас үлкен. Екеуінің жұп құрғандығы жайындағы мәлімет 2011 жылы белгілі болған. BAQ.kz

Әйгілі испан футболшысы, әлем чемпионы Жерар Пике мен колумбиялық әнші Шакираның отбасы бір ұл баламен толықты. «Барселона» клубының намысын қорғап жүрген Пике перзентіне Милан деген ат беріп отыр. Мұндай ақпарат кеше жайында Шакираның жеке сайтында жарық көрді.

«Ұлымыздың есімінің итальяндық футбол командасына еш қатысы жоқ. «Милан» атауы әлемнің көптеген тілінде кездесіп жатады. Мәселен, славяндарда ол «қымбатты», «рақымшыл» дегенді білдірсе, көне Рим тілінде «еңбекқор», ал санскритте «бірлік» деген мағынаға ие» дейді Пике мен Шакира ғаламторға жариялаған хабарламасында.
Жерар Пикенің атасы өз заманында каталондық «Барселонаның» вице-президенті болған. Бұл кезде Жерар клубтың жастар командасында өнер көрсетіп жүрді. Ал, 2008 жылдан бастап кәсіби спортшы атанған болатын.
Шакира болса 35 жаста. Ол өз күйеуінен он жас үлкен. Екеуінің жұп құрғандығы жайындағы мәлімет 2011 жылы белгілі болған.

BAQ.kz

Бөлісу: