2004-2006 жылдар аралығындағы театрдың жетістіктері

22 Қаңтар 2013, 12:23

2004 жыл Театрда республикаға танымал режиссерлерді шақыртып, оларға пьесалар ұсынып сахналату дәстүрге айналды. Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Райымбек Сейтметов С.Қасымбектің «Палата» атты мелодрамасын театр репертуарына тарту етті. Бұл мелодрамада әйелдер өмірі мен жетім сәбилер тағдыры көтеріліп, кейіпкерлер пікірі арқылы қоғамдағы көлеңкелі көріністер сынға алынады. Е.Әлімжанның «Жанұран» мюзиклінде Г.Қыпшақова мен Ж.Әлімбеков және А.Сәтібековтер өздерінің қай жанрға салса да суырылып оза білетіндіктерімен қуантты. Г.Гориннің «...атың өшсін, Герострат!» трагикомедиясында Спандияр Мұқышевтің Эфес әміршісі Тиссафернді сомдауы өзгеше шықты. Ал, Герострат рөлін сомдаған театрдың жас актері Мәлік Ақүрпековтің бойында ерекше қуат бар екендігін көпшілік айқын сезді. М.Хасеновтың «О,махаббат!» және Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілер» комедиясында бірыңғай жас буын өкілдері Ұлан Абзалиев, Ержұма Әзім, Нүрила Сыздықова, Әбу Шоңбаевтар өздерінің келешегінен зор үміт күттіріп, үлкен өнер иелері екендіктерін аңғартты. Бұлардан басқа театр репертуарындағы Б.Ұзақовтың «Үміт» психологиялық драмасы мен Г.Ғапарова мен М.Ғапаровтың «Қиямет – қайым Киото» театрлық қиялдамалары да көрермендерін бей-жай қалдырмай, бүгінгі таңдағы шешімін күткен әлеуметтік мәселелерге жетелеп, толқытып, тебірентті. Балалар мен жасөспірімдер дүниетанымына арналған Ж.Омаровтың «Құлыншақ пен бөлтірік», Е.Әлімжанның «Қызыр баба», С.Пірмановтың «Ұлыстың ұлы күні» ертегі-аңыз, ертегі-фантазияларының ұлттық мүдде тұрғысынан айтар ойлары салмақты. 2004 жылдың қорытындысында Қазақ-швейцар саммиті ұйымдастыру комитеті мен Женевадағы жоғары бизнес және Басқару институтының Сараптама кеңесінің шешімі бойынша іскерлік беделі үшін Жамбыл облыстық қазақ драма театры Алтын медальмен марапатталды. Бұл - театрдың белсенді  жұмысына берілген жоғары баға болып табылады. 2005 жылы театр ұжымы Қызылордада өткен ХІІІ республикалық театр фестивалінде Г.Гориннің «Атың өшсін Герострат!» трагикомедиясы үшін Н.Бекежанов атындағы тағайындалған ерекше жүлдені жеңіп алды. 2006 жылы театр ұжымы 70 жылдық мерейтойын республикалық деңгейде лайықты атап өтті, халықаралық дәрежедегі ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Театр тарихы туралы С.Пірмановтың «Театр өнер жүрегі» атты кітабі шығарылып, конференцияда талқыланған ой-пікір, ұсыныстар бойынша 500 данамен «Өмір. Театр. Уақыт» атты кітапша жарық көрді. Еліміздің театр өнеріне сіңірген ұзақ жылғы жемісті жұмысы үшін режиссер Қуандық Қасымов «Ерен еңбегі үшін» және «Қырғызстан Республикасының мәдениет қайраткері» медальдарымен марапатталды. Облыстық театрдың құрылғанына 70 жыл толуына орай облыс әкімі Б.Б.Жексембиннің ұйғарымымен театр труппасының гастрольдік сапарына арналған «HUNDAI» шағын автобус көлігі сыйға тартылды.

2004 жыл
Театрда республикаға танымал режиссерлерді шақыртып, оларға пьесалар ұсынып сахналату дәстүрге айналды. Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Райымбек Сейтметов С.Қасымбектің «Палата» атты мелодрамасын театр репертуарына тарту етті. Бұл мелодрамада әйелдер өмірі мен жетім сәбилер тағдыры көтеріліп, кейіпкерлер пікірі арқылы қоғамдағы көлеңкелі көріністер сынға алынады.
Е.Әлімжанның «Жанұран» мюзиклінде Г.Қыпшақова мен Ж.Әлімбеков және А.Сәтібековтер өздерінің қай жанрға салса да суырылып оза білетіндіктерімен қуантты. Г.Гориннің «...атың өшсін, Герострат!» трагикомедиясында Спандияр Мұқышевтің Эфес әміршісі Тиссафернді сомдауы өзгеше шықты. Ал, Герострат рөлін сомдаған театрдың жас актері Мәлік Ақүрпековтің бойында ерекше қуат бар екендігін көпшілік айқын сезді. М.Хасеновтың «О,махаббат!» және Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілер» комедиясында бірыңғай жас буын өкілдері Ұлан Абзалиев, Ержұма Әзім, Нүрила Сыздықова, Әбу Шоңбаевтар өздерінің келешегінен зор үміт күттіріп, үлкен өнер иелері екендіктерін аңғартты. Бұлардан басқа театр репертуарындағы Б.Ұзақовтың «Үміт» психологиялық драмасы мен Г.Ғапарова мен М.Ғапаровтың «Қиямет – қайым Киото» театрлық қиялдамалары да көрермендерін бей-жай қалдырмай, бүгінгі таңдағы шешімін күткен әлеуметтік мәселелерге жетелеп, толқытып, тебірентті.
Балалар мен жасөспірімдер дүниетанымына арналған Ж.Омаровтың «Құлыншақ пен бөлтірік», Е.Әлімжанның «Қызыр баба», С.Пірмановтың «Ұлыстың ұлы күні» ертегі-аңыз, ертегі-фантазияларының ұлттық мүдде тұрғысынан айтар ойлары салмақты.
2004 жылдың қорытындысында Қазақ-швейцар саммиті ұйымдастыру комитеті мен Женевадағы жоғары бизнес және Басқару институтының Сараптама кеңесінің шешімі бойынша іскерлік беделі үшін Жамбыл облыстық қазақ драма театры Алтын медальмен марапатталды. Бұл - театрдың белсенді  жұмысына берілген жоғары баға болып табылады.
2005 жылы театр ұжымы Қызылордада өткен ХІІІ республикалық театр фестивалінде Г.Гориннің «Атың өшсін Герострат!» трагикомедиясы үшін Н.Бекежанов атындағы тағайындалған ерекше жүлдені жеңіп алды.
2006 жылы театр ұжымы 70 жылдық мерейтойын республикалық деңгейде лайықты атап өтті, халықаралық дәрежедегі ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Театр тарихы туралы С.Пірмановтың «Театр өнер жүрегі» атты кітабі шығарылып, конференцияда талқыланған ой-пікір, ұсыныстар бойынша 500 данамен «Өмір. Театр. Уақыт» атты кітапша жарық көрді.
Еліміздің театр өнеріне сіңірген ұзақ жылғы жемісті жұмысы үшін режиссер Қуандық Қасымов «Ерен еңбегі үшін» және «Қырғызстан Республикасының мәдениет қайраткері» медальдарымен марапатталды. Облыстық театрдың құрылғанына 70 жыл толуына орай облыс әкімі Б.Б.Жексембиннің ұйғарымымен театр труппасының гастрольдік сапарына арналған «HUNDAI» шағын автобус көлігі сыйға тартылды.

Бөлісу: