Өзбекстандағы алдыңғы қатарлы сайтты қазақ жігіттері жасаған

22 Қаңтар 2013, 08:58

Өзбекстанда қазір нөмірі бірінші орында тұрған интернет-порталын қазақстандық жігіттер жасап, жүргізіп отыр, деп хабарлайды Қазақпарат. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан қазақ сайттары редакторларының конференциясында CNP Processing GmbH интернет процессорының бас менеджері, «Award.kz» Ұлттық интернет сыйлығы» қоғамдық қорының директоры Константин Горожанкин айтты. «Өзбекстанда қазір бірінші орында келе жатқан интернет-порталды жасаушылар өзіміздің қазақстандық жігіттер. Олардың Қазақстанда жасаған «Nur.kz» жобасы да елімізде үлкен аудитория жинады», - деді ол. Оның айтуынша, «Nur.kz» жобасы жемісті болғандықтан, оның жасаушылары дәл осы жобаны басқа елдерде де сынап көрген. Әзірге ол сынақтары сәтті өтіп жатқан көрінеді. BAQ.kz

Өзбекстанда қазір нөмірі бірінші орында тұрған интернет-порталын қазақстандық жігіттер жасап, жүргізіп отыр, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан қазақ сайттары редакторларының конференциясында CNP Processing GmbH интернет процессорының бас менеджері, «Award.kz» Ұлттық интернет сыйлығы» қоғамдық қорының директоры Константин Горожанкин айтты.

«Өзбекстанда қазір бірінші орында келе жатқан интернет-порталды жасаушылар өзіміздің қазақстандық жігіттер. Олардың Қазақстанда жасаған «Nur.kz» жобасы да елімізде үлкен аудитория жинады», - деді ол.

Оның айтуынша, «Nur.kz» жобасы жемісті болғандықтан, оның жасаушылары дәл осы жобаны басқа елдерде де сынап көрген. Әзірге ол сынақтары сәтті өтіп жатқан көрінеді.

BAQ.kz

Бөлісу: