Режиссердің мерейтойы құрметіне шығармашылық апталығы өтеді

21 Қаңтар 2013, 14:52

Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-академиялық  драма театрында  22-25  қаңтар аралығында   Болат Ұзақовтың  50 жылдық мерейтойы құрметіне  режиссердің  шығармашылығы апталығы өтеді. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасы мәлім етті. Апталық аясында режиссері Болат Ұзақов болып табылатын спектакельдер көрсетілетін болады.  Олар: 22 қаңтар – У.Шекспир «Гамлет» (трагедия); 23 қаңтар – С.Тұрғынбекұлы «Мұқағали» (поэтикалық  драма); 24 қаңтар – Д. Рамазан «Кенесары – Күнімжан» (драма).   Театрлық қойылымдардың басталуы  – күн сайын  18.30-да. Сонымен қатар, 25 қаңтарда  18.30 сағатта ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Болат Ұзақовтың «Режиссер әлемі» тақырыбына шығармашылық кеші өтеді. Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-академиялық  драма театрында Болат Ұзақов  15 жылдан астам еңбек етеді. Ол режиссер ретінде  отандық және шетел классиктері  мен қазіргі заман драматургтерінің шығармаларын, сондай-ақ, өзінің авторлық жұмыстарын сәтті сахналап келеді.     Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-академиялық  драма театрында  22-25  қаңтар аралығында   Болат Ұзақовтың  50 жылдық мерейтойы құрметіне  режиссердің  шығармашылығы апталығы өтеді. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасы мәлім етті.

Апталық аясында режиссері Болат Ұзақов болып табылатын спектакельдер көрсетілетін болады.  Олар: 22 қаңтар – У.Шекспир «Гамлет» (трагедия); 23 қаңтар – С.Тұрғынбекұлы «Мұқағали» (поэтикалық  драма); 24 қаңтар – Д. Рамазан «Кенесары – Күнімжан» (драма).   Театрлық қойылымдардың басталуы  – күн сайын  18.30-да.

Сонымен қатар, 25 қаңтарда  18.30 сағатта ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Болат Ұзақовтың «Режиссер әлемі» тақырыбына шығармашылық кеші өтеді.

Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-академиялық  драма театрында Болат Ұзақов  15 жылдан астам еңбек етеді.

Ол режиссер ретінде  отандық және шетел классиктері  мен қазіргі заман драматургтерінің шығармаларын, сондай-ақ, өзінің авторлық жұмыстарын сәтті сахналап келеді.    

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу: