Талғат Ермегияевқа «Спорт Оскары» табыс етілді

21 Қаңтар 2013, 06:20

Халықаралық жекпе-жек өнері академиясы (The Academy Awards Of Martial Arts) жақында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы болып тағайындалған Талғат Ермегиявқа «Спорт Оскары» сыйлығын табыс етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі ҚР Спорт істері және дене шынықтыру агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Спорт істері және дене шынықтыру агенттігінің бұрынғы төрағасы Т.Ермегияев Қазақстандағы спорттың дамуына қосқан айрықша үлесі үшін бұл марапатты иеленіп отыр. Халықаралық жекпе-жек өнері академиясының (The Academy Awards Of Martial Arts) беделді сыйлығы жыл сайын Американың Атлантик-Сити қаласында табысталады. «Спорт Оскары» сыйлығының биылғы иегерлері 26 қаңтар күні Алтантик Сити қаласында ресми түрде марапатталады. Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ BNews.kz

Халықаралық жекпе-жек өнері академиясы (The Academy Awards Of Martial Arts) жақында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы болып тағайындалған Талғат Ермегиявқа «Спорт Оскары» сыйлығын табыс етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі ҚР Спорт істері және дене шынықтыру агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Спорт істері және дене шынықтыру агенттігінің бұрынғы төрағасы Т.Ермегияев Қазақстандағы спорттың дамуына қосқан айрықша үлесі үшін бұл марапатты иеленіп отыр.

Халықаралық жекпе-жек өнері академиясының (The Academy Awards Of Martial Arts) беделді сыйлығы жыл сайын Американың Атлантик-Сити қаласында табысталады.

«Спорт Оскары» сыйлығының биылғы иегерлері 26 қаңтар күні Алтантик Сити қаласында ресми түрде марапатталады.

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ

BNews.kz

Бөлісу: