Бүгін АҚШ-та Обаманы ұлықтау рәсімі өтеді

20 Қаңтар 2013, 17:26

Бүгін АҚШ-та екінші төртжылдық мерзімге қайта сайланған Президент Барак Обама ант қабылдайды. Сонымен қатар Президент әкімшілігінде ауыс-түйістер болады, деп хабарлайды РБК.  Жақындағы апталар мен айларда әкімшіліктен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, қорғаныс министрі Леон Панетта, қаржы министрі Тимоти Гайтнер, ішкі істер министрі Кен Салазар кетеді деп күтілуде. Мемлекеттік хатшы лауазымына Президент Сенаттың халықаралық комитетінің басшысы Джон Керриді іріктеп алған екен. 21 қаңтарда вашингтондық Капитолидің оңтүстік жағындағы баспалдақтарда өтетін салтанатты рәсімде бұрынғы екі президент - 88 жастағы үлкен Джордж Буш және 66 жастағы кіші Джордж Буш болмайтын секілді. Сонымен қатар соңғы сайлауда Б. Обаманың бәсекелесі Митт Ромни келмейді деп айтылуда. Бұл өз кезегінде жеңіске жеткен қарсыласының ұлықтау шарасына қатысудағы саяси дәстүрді бұзу болып табылады. BAQ.kz

Бүгін АҚШ-та екінші төртжылдық мерзімге қайта сайланған Президент Барак Обама ант қабылдайды. Сонымен қатар Президент әкімшілігінде ауыс-түйістер болады, деп хабарлайды РБК. 

Жақындағы апталар мен айларда әкімшіліктен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, қорғаныс министрі Леон Панетта, қаржы министрі Тимоти Гайтнер, ішкі істер министрі Кен Салазар кетеді деп күтілуде.

Мемлекеттік хатшы лауазымына Президент Сенаттың халықаралық комитетінің басшысы Джон Керриді іріктеп алған екен.

21 қаңтарда вашингтондық Капитолидің оңтүстік жағындағы баспалдақтарда өтетін салтанатты рәсімде бұрынғы екі президент - 88 жастағы үлкен Джордж Буш және 66 жастағы кіші Джордж Буш болмайтын секілді.

Сонымен қатар соңғы сайлауда Б. Обаманың бәсекелесі Митт Ромни келмейді деп айтылуда. Бұл өз кезегінде жеңіске жеткен қарсыласының ұлықтау шарасына қатысудағы саяси дәстүрді бұзу болып табылады.

BAQ.kz

Бөлісу: