2050 жоспарының бірден-бір көздеген мақсаты – еліміздегі адам капиталын барынша дамыту –

20 Қаңтар 2013, 17:11

2050 жоспарының бірден-бір көздеген мақсаты – еліміздегі адам капиталын барынша дамыту. BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің профессоры, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2012» атағының иегері Зарқын Тайшыбай осындай пікір білдірді.  «Әлі есімізде, осыдан 15 жыл бұрын ел дамуының “Қазақстан - 2030” стратегиялық жоспары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында көрініс тапқан болатын. Шыны керек, ол уақыт өз қолымыз өз аузымызға жетпей, кем-кетігіміз бүтінделмей тұрған шақ еді ғой, оған дейін «кім бар, кім жоқ» дегендей, енжар едік. Отыз үш жылға арналған ұзақ даму бағдарларын өзге түгілі, оқығаны, тоқығаны бар, өмір тәжірибесі бар орта жастағы біздің өзіміз түсіне қоймап едік», - дей келе профессор бүгінгі күні қазақ елінің толағай табыстарға қол жеткізіп отырғанын айтады.  «Сананы тұрмыс билейді, ал тұрмысың жетісіп тұрмаса, құр қиял құшағында қала берер ме едік... Сөйтсек, «көз қорқақ, қол батыр» екен, сынаптай сырғып, алға озған мына заманда не кереметтің куәсі болып отырмыз. Асыра айтқандық емес, табиғаттың заңды құбылысындай, барлық бағытта ілгерілеп келе жатқан еліміздің ертеңіне сеніммен қарайтын жағдайға жеттік», - деп атап өтті Зарқын Тайшыбай. «Жай елестету ғана емес, жас мемлекетті құрып, жаңа қоғаммен бірге жасап, жасарып келе жатырмыз» дейді ол. «Байқағанға қазір уақыт тез өтеді. Сағат - алпыс минут, тәулік - 24 сағат, жыл - 12 ай деп түсіну жеткіліксіз. Басқа бір өлшем керек сияқты. «2050 стратегиясы» осыны еске салады, ескертеді. «Тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таңғалдырады», - деді Елбасымыз. Расында, қарап отырсақ, өткен бір жиырма жылда ғана ғасырға татитын жолды артқа тастаппыз. Бүкіл әлемдік өзгерістердің шұғылдығы соншалық, алдымыздағы 2050 стратегиясында қамтылған жоспарлардың болашақ нәтижелерін ойша шолып, көз алдымнан өткізіп отырмын», - деді профессор. Оның айтуынша, уақыт көші ілгерілеген сайын, өмірдің сапасына деген талап-талғам да күшейе бермек. Сан жағынан сұраныстың өсетіні өзінше. Мысалы, соңғы 60 жылда Жер шарын мекендейтін халық саны үш есе көбейген. Яғни, тіршілік қажеттері де кемінде үш рет артық өндірілсе жөн. «Қазақстандағы өсу де жаман емес, көріп отырмыз, шүкіршілік етеміз. Бір сөзбен айтқанда, осынау ұзақ көшке жетелейтін, ұлы керуеннің жуан ортасындағы өзімізге лайық орынға меңзейтін құбыла осы - 2050 жоспары. Мұқият зерделеген адамға бұл стратегия тек жоспарлар мен міндеттердің жиынтығы емес, сол межеге жетудің жолдарын да көрсеткен ғылыми талдама, даму-өркендеу теориясы екен. Стратегия түріндегі Жолдаудағы әрбір тезис отандастарымызға арналған. Дәлірек айтқанда: “...бірден-бір көздеген мақсат - еліміздегі адами капиталды барынша дамыту”, - деп сөзін аяқтады профессор. Айымгүл Әбілева BNews.kz

2050 жоспарының бірден-бір көздеген мақсаты – еліміздегі адам капиталын барынша дамыту. BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің профессоры, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2012» атағының иегері Зарқын Тайшыбай осындай пікір білдірді. 

«Әлі есімізде, осыдан 15 жыл бұрын ел дамуының “Қазақстан - 2030” стратегиялық жоспары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында көрініс тапқан болатын. Шыны керек, ол уақыт өз қолымыз өз аузымызға жетпей, кем-кетігіміз бүтінделмей тұрған шақ еді ғой, оған дейін «кім бар, кім жоқ» дегендей, енжар едік. Отыз үш жылға арналған ұзақ даму бағдарларын өзге түгілі, оқығаны, тоқығаны бар, өмір тәжірибесі бар орта жастағы біздің өзіміз түсіне қоймап едік», - дей келе профессор бүгінгі күні қазақ елінің толағай табыстарға қол жеткізіп отырғанын айтады. 

«Сананы тұрмыс билейді, ал тұрмысың жетісіп тұрмаса, құр қиял құшағында қала берер ме едік... Сөйтсек, «көз қорқақ, қол батыр» екен, сынаптай сырғып, алға озған мына заманда не кереметтің куәсі болып отырмыз. Асыра айтқандық емес, табиғаттың заңды құбылысындай, барлық бағытта ілгерілеп келе жатқан еліміздің ертеңіне сеніммен қарайтын жағдайға жеттік», - деп атап өтті Зарқын Тайшыбай.

«Жай елестету ғана емес, жас мемлекетті құрып, жаңа қоғаммен бірге жасап, жасарып келе жатырмыз» дейді ол.

«Байқағанға қазір уақыт тез өтеді. Сағат - алпыс минут, тәулік - 24 сағат, жыл - 12 ай деп түсіну жеткіліксіз. Басқа бір өлшем керек сияқты. «2050 стратегиясы» осыны еске салады, ескертеді. «Тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таңғалдырады», - деді Елбасымыз. Расында, қарап отырсақ, өткен бір жиырма жылда ғана ғасырға татитын жолды артқа тастаппыз. Бүкіл әлемдік өзгерістердің шұғылдығы соншалық, алдымыздағы 2050 стратегиясында қамтылған жоспарлардың болашақ нәтижелерін ойша шолып, көз алдымнан өткізіп отырмын», - деді профессор.

Оның айтуынша, уақыт көші ілгерілеген сайын, өмірдің сапасына деген талап-талғам да күшейе бермек. Сан жағынан сұраныстың өсетіні өзінше. Мысалы, соңғы 60 жылда Жер шарын мекендейтін халық саны үш есе көбейген. Яғни, тіршілік қажеттері де кемінде үш рет артық өндірілсе жөн.

«Қазақстандағы өсу де жаман емес, көріп отырмыз, шүкіршілік етеміз. Бір сөзбен айтқанда, осынау ұзақ көшке жетелейтін, ұлы керуеннің жуан ортасындағы өзімізге лайық орынға меңзейтін құбыла осы - 2050 жоспары. Мұқият зерделеген адамға бұл стратегия тек жоспарлар мен міндеттердің жиынтығы емес, сол межеге жетудің жолдарын да көрсеткен ғылыми талдама, даму-өркендеу теориясы екен. Стратегия түріндегі Жолдаудағы әрбір тезис отандастарымызға арналған. Дәлірек айтқанда: “...бірден-бір көздеген мақсат - еліміздегі адами капиталды барынша дамыту”, - деп сөзін аяқтады профессор.

Айымгүл Әбілева

BNews.kz

Бөлісу: