Геннадий Головкиннің америкалық қарсыласы 7 раундқа ғана шыдады

20 Қаңтар 2013, 16:51

Кәсіпқой бокстағы орта салмақта WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің америкалық қарсыласы  Габриэль Росадо 7 раундқа ғана төтеп берді. Геннадий Головкин өзінің чемпиондық атағын кезекті мәрте қорғап қалды. Жекпе-жек санаулы минуттар бұрын Нью-Йоркте болып өтті. "Геннадий Головкинді 8-ші раундта сұлатып саламын" деген америкалық  Габриэль Росадо Генаның зілдей соққыларына бар болғаны 7 раунд қана шыдай алды. Сол жақ қабағы жарылып, бетін қан жуып кеткен америкалықтың бұдан әрі бокстасуы оның денсаулығына қатерлі болмағын түсінген секунданттары жекпе-жекті тоқтатуды сұрады. Естеріңізге сала кетейік, бокс шоуы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Астана уақытымен қаңтардың 20 күні сағат 8:00-де басталды. Бокс шоуының ең жоғары гонорары Г.Головкинге (350 мың доллар) тиесілі болса, онымен жекпе-жекке шыққан америкалық Габриэль Росадоға 150 мың доллар бұйырмақ. Қазір кештің ең басты жекпе-жегінің кейіпкерлері - Мигель Анхель Гарсия мен WBO нұсқасы бойынша жартылай жеңіл салмақтағы чемпион Орландо Салидо арасындағы айқас болып жатыр. Қамбар АХМЕТОВ BAQ.kz

Кәсіпқой бокстағы орта салмақта WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің америкалық қарсыласы  Габриэль Росадо 7 раундқа ғана төтеп берді. Геннадий Головкин өзінің чемпиондық атағын кезекті мәрте қорғап қалды. Жекпе-жек санаулы минуттар бұрын Нью-Йоркте болып өтті.

"Геннадий Головкинді 8-ші раундта сұлатып саламын" деген америкалық  Габриэль Росадо Генаның зілдей соққыларына бар болғаны 7 раунд қана шыдай алды. Сол жақ қабағы жарылып, бетін қан жуып кеткен америкалықтың бұдан әрі бокстасуы оның денсаулығына қатерлі болмағын түсінген секунданттары жекпе-жекті тоқтатуды сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, бокс шоуы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Астана уақытымен қаңтардың 20 күні сағат 8:00-де басталды.

Бокс шоуының ең жоғары гонорары Г.Головкинге (350 мың доллар) тиесілі болса, онымен жекпе-жекке шыққан америкалық Габриэль Росадоға 150 мың доллар бұйырмақ.

Қазір кештің ең басты жекпе-жегінің кейіпкерлері - Мигель Анхель Гарсия мен WBO нұсқасы бойынша жартылай жеңіл салмақтағы чемпион Орландо Салидо арасындағы айқас болып жатыр.

Қамбар АХМЕТОВ

BAQ.kz

Бөлісу: