«Gangnam Style» Астанаға келмек

19 Қаңтар 2013, 13:16

«Gangnam Style» клипімен әлемге танымал болған оңтүстік корейлік Пак Чэ Сан 8 наурызда Астанаға келмек. Ол қазақ эстрадасы жұлдыздарына «KZ Music Awards-2013»сыйлығын тапсыру салтанатында өнер көрсетеді. Бұл туралы «KZ Music Awards-2013»баспасөз қызметі хабарлады. Мерекелік кеш «Астана-Арена» спорт сарайында өтеді. Кешті Роза Рымбаева жүргізеді деп күтілуде. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, Голливуд актерi Хью Джекман, үздік теннисші қыз Мария Шарапова, Лондон мэрі Борис Джонсон, қытай диссиденті Ай Вэйвэй билеген "Gangnam Style" әнінің авторы, YouTube-та ең көп "лайк" басылған,1,209,007,111 адам қараған PSY енді Астана жұртшылығына да өз өнерін көрсетпек.  BAQ.kz

«Gangnam Style» клипімен әлемге танымал болған оңтүстік корейлік Пак Чэ Сан 8 наурызда Астанаға келмек. Ол қазақ эстрадасы жұлдыздарына «KZ Music Awards-2013»сыйлығын тапсыру салтанатында өнер көрсетеді. Бұл туралы «KZ Music Awards-2013»баспасөз қызметі хабарлады. Мерекелік кеш «Астана-Арена» спорт сарайында өтеді. Кешті Роза Рымбаева жүргізеді деп күтілуде.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, Голливуд актерi Хью Джекман, үздік теннисші қыз Мария Шарапова, Лондон мэрі Борис Джонсон, қытай диссиденті Ай Вэйвэй билеген "Gangnam Style" әнінің авторы, YouTube-та ең көп "лайк" басылған,1,209,007,111 адам қараған PSY енді Астана жұртшылығына да өз өнерін көрсетпек. 

BAQ.kz

Бөлісу: