22 қаңтар күні Қазмедиа орталығы ғимаратында «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының ұйымдастыруымен Қазақ сайттары редакторларының конференциясын өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.
Интернет желісінде мемлекеттік тілді дамыту мәселесіне арналған конференция барысында іс-шараға қатысушылар мынадай негізгі төрт тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасатын болады:
«Қазақ интернетінің дамуы: ерекшеліктері, өзекті мәселелері»;
«Қазақ сайттарының дизайн ыжәне техникалық сүйемелдеуді қолдау, коммерцияландыру мәселелері»;
«IT саласындағы терминология және қаріп мәселесі»;
«Жаңа медиа мен қазақ интернеті журналистикасы».
Сонымен қатар, конференция барысында авторлық құқықтар мәселелерін және қазақ интернетіндегі ақпарат берудің тәртібі, мәдениет және этика мәселелерін талқылау, қазақтілді интернеттегі ауызбіршілік пен ынтымақтастық туралы Қазақ интернет сайттарының ортақ қауымдастығын құру жоспарлануда.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, белгілі қазақтілді сайттар және жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен өтетін шара туралы Bnews ақпараттық агенттігі мен BAQ.kz сайтының тілшілері тікелей хабар тарататын болады.
*Конференцияның толық бағдарламасымен сайтымыздың "Афиша" бөлімінен танысуға болады.

-