БОКС: Қазақстандықтарға Г.Головкиннің жекпе-жегіне тегін билет үлестірілді

18 Қаңтар 2013, 10:55

АҚШ-тағы Қазақстан консулдығының бастамасымен Америкада тұратын қазақстандықтарға Геннадий Головкин мен Габриэл Росадо жекпе-жегіне 70 билет үлестірілді. «Головкин жекпе-жегіне барғысы келетіндер саны тегін билет санынан 4 есе көп болды, алайда барлығына бірдей тегін билет жетпеді. Біз тек 70 адамға ғана билет бере алдық, ол адамдардың барлығының жарысқа келетіні туралы ертеңге дейін хабардар етуін сұраймыз», - деп жазады Фейсбукте Қазақстанның Америкадағы консулдығының қызметкері Еркебұлан Кәкімбеков. Есетеріңізге сала кетейік, WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Габриэл Росадо арасындағы жекпе-жек ертең, 19 қаңтар күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. BAQ.kz

АҚШ-тағы Қазақстан консулдығының бастамасымен Америкада тұратын қазақстандықтарға Геннадий Головкин мен Габриэл Росадо жекпе-жегіне 70 билет үлестірілді.

«Головкин жекпе-жегіне барғысы келетіндер саны тегін билет санынан 4 есе көп болды, алайда барлығына бірдей тегін билет жетпеді. Біз тек 70 адамға ғана билет бере алдық, ол адамдардың барлығының жарысқа келетіні туралы ертеңге дейін хабардар етуін сұраймыз», - деп жазады Фейсбукте Қазақстанның Америкадағы консулдығының қызметкері Еркебұлан Кәкімбеков.
Есетеріңізге сала кетейік, WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Габриэл Росадо арасындағы жекпе-жек ертең, 19 қаңтар күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.

BAQ.kz

Бөлісу: