Елбасының жаңа Жолдауы – ел дамуының бағдаршамы

17 Қаңтар 2013, 05:32

Мәжіліс депутаттары Қабиболла Жақыпов пен Виктор Киянский Орал қаласы әкімдігінде қалалық мәслихат депутаттарымен кездесіп, Елбасы Жолдауынан туындайтын басты мақсат-міндеттерді ортаға салды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Қабиболла Жақыпов қалалық мәслихат депутаттарын осы өкілетті орынға сайлануына бір жыл толуымен құттықтады. Қабиболла Қабенұлы Жолдаудың үш құрамдас бөліктен тұратынын айтып, әрбіреуіне жеке-жеке талдау жасады. Ол көршілес Орталық Азия елдеріне қарағанда, бізде халықтың құрамында қариялардың үлес санының жыл өткен сайын өсіп келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, қазір төрт жас адам бір зейнеткерді асырайды екен. Егер халықтың құрамында зейнеткердің саны көбейе берсе, онда сөзсіз әлеуметтік-экономикалық қиындық туындайды. Жолдаудағы он сын-қатер жөнінде айта келіп, Қ.Жақыпов еліміздің уран қоры жөнінен әлемде үшінші орынды иеленуінің келешекте арзан да тиімді қуат көзін өндіруге негіз болатынын атап өтті. Ал депутат Виктор Киянский әңгімесін Отанымыздағы үш билік бұтағының өзара тиімді ынтымағынан бастап, өзге тақырыптарға ауысты. Сондай-ақ жаңа экономикалық тұтқаларға көше отырып, әсіресе, табиғи қорларды үнемді де ұқыпты пайдалану керектіггін, экология жайын кеңінен баяндады. Халық қалаулысының пайымдауынша, біздің өңір газтурбиналық қуат көзін өндіру жөнінен елімізде алда келеді. В.Киянский оксидкремнийлі күн батареясының келешегіне айрықша тоқталды. «Қазір елімізде күн батареяларын өндіретін екі зауыт жұмыс істейді. Үшіншісі жаңадан ашылды. Аталмыш батареялар жеке үйлерде, алыс елді мекендерде қолданылуға мейлінше тиімді. Алдағы жылдары Оңтүстік Кореямен бірлесе отырып, күн батареясымен жұмыс істейтін «Самсунг» компьютерін шығару көзделуде. Жолдау негізінде бара-бара қоғамда әлеуметтік жауапкершілік үрдісі күшейтілуі тиіс. Қорыта айтқанда, Елбасының жаңа Жолдауы еліміздің алдағы онжылдықтардағы дамуының жарқын бағдаршамына айналатын болады», - деді ол. Кездесуде қалалық мәслихаттың депутаттары Мақсот Берген, Шалқыма Құрманәлина өз ойларымен бөлісіп, депутаттарға заң шығару ісінде тың табыстар тіледі. Қалалық мәслихаттың хатшысы Абат Шыныбеков әріптестеріне мазмұнды әңгімесі үшін алғыс айтты. BAQ.kz

Мәжіліс депутаттары Қабиболла Жақыпов пен Виктор Киянский Орал қаласы әкімдігінде қалалық мәслихат депутаттарымен кездесіп, Елбасы Жолдауынан туындайтын басты мақсат-міндеттерді ортаға салды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Қабиболла Жақыпов қалалық мәслихат депутаттарын осы өкілетті орынға сайлануына бір жыл толуымен құттықтады. Қабиболла Қабенұлы Жолдаудың үш құрамдас бөліктен тұратынын айтып, әрбіреуіне жеке-жеке талдау жасады. Ол көршілес Орталық Азия елдеріне қарағанда, бізде халықтың құрамында қариялардың үлес санының жыл өткен сайын өсіп келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, қазір төрт жас адам бір зейнеткерді асырайды екен. Егер халықтың құрамында зейнеткердің саны көбейе берсе, онда сөзсіз әлеуметтік-экономикалық қиындық туындайды. Жолдаудағы он сын-қатер жөнінде айта келіп, Қ.Жақыпов еліміздің уран қоры жөнінен әлемде үшінші орынды иеленуінің келешекте арзан да тиімді қуат көзін өндіруге негіз болатынын атап өтті. Ал депутат Виктор Киянский әңгімесін Отанымыздағы үш билік бұтағының өзара тиімді ынтымағынан бастап, өзге тақырыптарға ауысты. Сондай-ақ жаңа экономикалық тұтқаларға көше отырып, әсіресе, табиғи қорларды үнемді де ұқыпты пайдалану керектіггін, экология жайын кеңінен баяндады. Халық қалаулысының пайымдауынша, біздің өңір газтурбиналық қуат көзін өндіру жөнінен елімізде алда келеді. В.Киянский оксидкремнийлі күн батареясының келешегіне айрықша тоқталды. «Қазір елімізде күн батареяларын өндіретін екі зауыт жұмыс істейді. Үшіншісі жаңадан ашылды. Аталмыш батареялар жеке үйлерде, алыс елді мекендерде қолданылуға мейлінше тиімді. Алдағы жылдары Оңтүстік Кореямен бірлесе отырып, күн батареясымен жұмыс істейтін «Самсунг» компьютерін шығару көзделуде. Жолдау негізінде бара-бара қоғамда әлеуметтік жауапкершілік үрдісі күшейтілуі тиіс. Қорыта айтқанда, Елбасының жаңа Жолдауы еліміздің алдағы онжылдықтардағы дамуының жарқын бағдаршамына айналатын болады», - деді ол.

Кездесуде қалалық мәслихаттың депутаттары Мақсот Берген, Шалқыма Құрманәлина өз ойларымен бөлісіп, депутаттарға заң шығару ісінде тың табыстар тіледі. Қалалық мәслихаттың хатшысы Абат Шыныбеков әріптестеріне мазмұнды әңгімесі үшін алғыс айтты.

BAQ.kz

Бөлісу: